Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту және сырттан келетін туризмнің деңгейін көтеру «Бірлік» саяси партиясының басты назарындағы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай партия мүшелері мемлекеттің Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды жаңғырту бағдарламасына енгізілген Жамбыл облысына сапар шекті.
Олар Айша бибі кесенесіне тәу етіп, «Көне Тараз» археологиялық саябағындағы нысандармен танысты. Аталған саябақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бағдарламасына енгізіліп, туристер ағынын осы аймаққа бағыттау жоспарланған. Көне мұрағаттардың сарапшыларымен кездесу барысында «Бірлік» партиясының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Асқар Сыздықов бүкіл әлемде туризм экономиканың табысты көзі екендігін атап өтті және оны елімізде де дамыта түсу керектігіне тоқталды. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті көтеру арқылы еліміздің жалпы дамуына әсер етеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, ортағасырлық Тараз қаласы Қазақстан тарихындағы ең ірі саяси, мәдени, сауда, әкімшілік орталығы болған. Осынау әулиелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан, кейінгі тарихымыздан жеткен ұзын саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Сәулет өнерінің ортағасырлық інжу-маржаны Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек кесенелері, киелі Тектұрмас, Ақыртас сарай кешені, Қали Жүністің «Шығыс моншасы» секілді баға жетпес жәдігерлер Тараз қаласына ерекше көрік беріп, жылдан-жылға туристердің қызығушылығын арттырып келеді. Әулиеата өңіріндегі бұл кешендердің біразы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдениет тізіміне енген.
Партия өкілдері, сонымен қатар, мемлекеттің туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шараларын қолдайтындығын жеткізді. Соның арқасында танымал туристік маршруттар жаңартылып, жол бойындағы сервистік қызмет дамып отыр. Шынында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі қала іргесінен өтеді. Демек, туристердің ағылып келуіне қолайлы жағдай бар. Яғни, ендігі міндет – түрлі дәуірлердегі Ұлы Жібек жолының бір пұшпағы Тараздың бет-бейнесін мәдени қабаттарды аршу арқылы жарқырата көрсетіп, оның бар болмысын халыққа қауыштыру.
– Еліміздегі тарихи орындарды қорғап, мәдени нысандарды көбейтіп, жағдай жасау, туризм мәселесінің дамып, кең қанат жаюына әсер ету «Бірлік» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басты мақсаттардың бірі, – деді бұл жөнінде «Бірлік партиясы» Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шахизада Ибрайым.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15