ТАРАЗ. 26 ақпан. Жамбыл облысындағы аудандардың көктемгі-далалық жұмыстарға әзірлігі 90 пайызды құрайды. Тракторлар, комбайндар және басқа да техника дайындық сапына қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, жанар жағармай мен тұқымдық қор толық әзірленген. Қыс кезінде алқаптарда ылғал да жеткілікті жиналған.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтың ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылмай отырғанына назар аударды. Мәселен, 2015 жылы 1100 гектар суармалы жер пайдаланылмай қалған.
Сонымен бірге, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда жамбылдық алқаптардың түсімі төмен болып отыр. «Өткен жылы облыс бойынша дәнді дақылдардың түсімі гектарына 16 центнерді құрады, ал көршілес Алматы облысының «Байсерке» шаруашылығында гектар айналымы 90 центнерге жеткен. Жуалы ауданында картоп өсіруге толығымен қолайлы жағдайлар бар. Алайда, бұл дақылдың түсімі өте төмен, гектарына небәрі 25 центнерден келеді, ал табиғаты қатал Ертіс өңірінде бұл көрсеткіш 70 центнерге жуықтайды», – деп атап өтті Кәрім Көкірекбаев.
Сонымен қатар, ол: «Жамбыл облысының қолайлы климаттық жағдайлары сұранысқа ие өнімдерден жоғары егін жинауға мүмкіндік береді, ал тез пісетін дақылдардан екі реттен өнім жинап алуға болады. Аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы мамандары бұл істе тиісті ыждағаттылық көрсетуі тиіс», – деп атап өтті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: turkystan.kz.

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17