Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың Успен кафедралды соборында болып, шіркеуге келгендерді және барлық қазақстандық православие дінін ұстанушы христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады.
Қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні христиан дінінің православие тармағын ұстанушылар Айса пайғамбардың туған күнін тойлайды. Бұл – христиан жұртының басты мерекелерінің бірі. Інжілдегі аңызға қарағанда, дәл осы күні Палестинадағы Вифлеем қаласында Айса пайғамбар дүниеге келген. Христиандар оны «Құдайдың ұлы» деп таниды. Ал кешегі күнді «Туған күн», яғни «Рождество» мерекесі деп тойлап келеді. Осы күннің алдындағы түнді күзетіп, христиан храмдарында «сочельник» деп аталған құлшылық рәсімі жасалады. Ал ертесіне ол мерекелік дастарқанға ұласады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2005 жылдан бастап бұл күн біздің елімізде де ресми түрде аталып, мерекелік даталардың біріне айналғаны белгілі.
Кафедралық соборға келген Елбасы Н.Назарбаевты митрополит округінің іс басқарушысы епископ Геннадий қарсы алды. Ал Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өзі таңғы алтыдағы ұшақпен Мәскеуден келген шұғыл хабар бойынша қайтыс болған шіркеу иерархтарының бірін жерлеуге қатысу үшін сонда ұшып кеткен екен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде православиені ұстанушы барлық отандастарымызды сүйіспеншілік пен бейбітшілік және рақымшылықты уағыздайтын Рождество мерекесімен құттықтап, денсаулық, отбасылық бақыт пен елге амандық тіледі. Одан әрі биылғы Рождествоның Успен кафедралы соборы сияқты өте көрікті, сәулетті және Орталық Азиядағы ең үлкен христиан соборында қарсы алынып отырғанын атап өтті.
– Бұл храм біздің жас елордамызға өзінің архитектуралық әсем сәулетімен жаңа көрік беріп тұр, – деді Елбасы. – Өткен жыл қазақстандық православиеліктер үшін есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Соның ішінде осы собор ашылып, оның ашылуына мен Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кириллді шақырдым. Оның сапары біздің еліміздегі ең үлкен конфессиялар – ислам мен православие діндерін ұстанушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда ізгілікті қадамға айналды. Біз барлық дәстүрлі және әлемдік діндерді тұтынушыларды сыйлау және өзара төзімділік сақтау саясатын жүргізудеміз. Соның арқасында біздің елімізде келісім, достық, тыныштық пен бейбітшілік сақталуда. Ал олар Қазақстанның күннен күнге дамып, халқымыздың тұрмыс дәрежесінің жылдан жылға жақсаруына септігін тигізіп отыр. Тіпті осы саясатымыздың арқасында бізді дүние жүзі де сыйлап, құрмет көрсетуде. Біз осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек және оны болашақ ұрпаққа аманаттауымыз керек.
Жауап сөзінде епископ Геннадий Нұрсұлтан Назарбаевқа діндарлар атынан үлкен алғысын білдіріп, Елбасының ісіне табыстар тіледі. Сіз Еуразия кеңістігінде орыстың озық ойшылдары мен философтары армандаған ең үздік мемлекет құра білдіңіз, біз әрқашанда Сіздің жолыңыздың болуын Құдайдан тілейтін боламыз, деді епископ Геннадий.
Жақсыбай САМРАТ.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
• 08 Қаңтар, 2011
Рождество – сүйіспеншілік пен рақымшылық мерекесі

Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды
Қоғам • Бүгін, 13:55
Вице-президенттің міндеті қандай болады?
Саясат • Бүгін, 13:44
Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды
Президент • Бүгін, 13:39
Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады
Оқиға • Бүгін, 13:35
Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды
Президент • Бүгін, 13:30
Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді
Мәдениет • Бүгін, 13:22
Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды
Президент • Бүгін, 13:20
«Облыс жағдайы күмәнсіз жақсы»: Президент Қызылорда облысы әкіміне жоғары баға берді
Президент • Бүгін, 13:15
Орталық Азиядағы рекорд: Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәделерге қарсымын
Құрылтай • Бүгін, 12:56
Президент кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың оқиғасына қатысты пікір білдірді
Президент • Бүгін, 12:50
Тоқаев: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет
Президент • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:35
JOLTAP-пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын қалай өз табысын арттырды?
Қоғам • Бүгін, 12:23