30 Наурыз, 2016

Жайық пен Нұрмахан

439 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
БЕКТҰРОВ ЖАЙЫҚ -1Жайық Бектұров пен Нұр­ма­хан Оразбек бір салада, бір қалада онша көп уақыт қатарлас қызмет жасамаса да бірін-бірі тани біл­ді. Жақаң Нұрекеңнің жоғары дең­гей­дегі көрнекті жур­налист, білікті редактор, қара­­ғай­­дың қарсы біткен бұта­ғын­­­дай қайыспас батыл азамат екен­­дігін байқады. Ал Нұрмахан аға Жайық Кәгенұлының көпті кө­рген, оқыған-тоқығаны мол, алаш ардагерлері туралы көп шын­дық­ты білетін дегдарлығына көзі жетті. Міне, осындай қа­сиет­тері екеуін жақындастыра түс­ті. Содан бірі рухани аға, екін­ші­сі – іні болып, өмірлерінің соңы­на дейін бірін-бірі сыйлап өтті. Жақаңмен танысуы туралы Нұрекең өзі былай дейді: «1988 жыл­дың қазан айында ҚазТАГ ди­рек­торының орынбасарлығын зорлықпен тастап, Қарағанды об­лыстық «Орта­лық Қазақстан» газетінің бас редак­торлығына та­ғайындалдым. Редак­ция­ның папка­ларында нендей материалдар жа­т­қанын сұра­дым жі­гіттерден. Пә­лен­дей еш­­теңе жоқ екен, тек Жайық Бектұровтың,  туындылары, ақын Серік Ақ­сұңқарұлының өлеңдері, Серік Сексенұлының мақалалары жа­рия­лан­бай Нұрмахан Оразбек- 001жүр екен. Жақаңның ма­те­­р­иал­дарымен таныссам, бая­ғы­­да-ақ айтылуға, айтқызылуға, іле-шала жариялануға тиіс жайт – жазықсыз жазаланған аталар, ағалар күйініші. Сөз сайрап тұр, пікір көсіліп жатыр, деректер ұшан-теңіз. Сөз саптасының еш­қай­сысына қалам тигізбей, газетте жариялай бастадық. Ауырып қалуына байланысты, бір ай өткеннен кейін танысуға келді. Алғашқы әңгімелесуіміздің өзі­нен бұл кісімен көптен та­ныс-біліс, сый­л­ас адамдардай сезіндім өзім­ді. Содан былай Жақаңмен жиі ұшырасатын болдық. Әкелген материалдары ылғи да өткір болып, халықтың көкейінде жүрген, бірақ көп­шілікке жол таба бермейтін мәсе­лелерді қозғайтын». Нұрмахан Оразбектің Жайық Кәгенұлына сіңірген ең елеулі ең­бегі – оның кітаптарын шы­ғаруы. Бұл кезде «Қазақстан» бас­­­па­­сының директоры болатын. Жақаң­­ның өтінішімен «Жазушы» баспасында ұзақ уақыт басылмай жатқан «Таңба» романын ал­­ғы­зып, бастырады. Жайық аға­­­мыз көзі тірісінде романды көріп, оқып шығып, Нұрмахан іні­­сі­­не ри­зашылығын білдіреді. Бұл ро­ман Нобель сыйлығын ал­ған А.Сол­женицынның «Архи­пе­­лаг Гулаг» романынан кем түспей­тін­ді­гін бір жазушы ағамыз айтқан болатын. Жақаң қайтыс болғаннан кейін көп жазбаларын сол үйдегі Жәукен жеңгей облыстық мұрағатқа тапсырыпты. Жайық Бектұровтың Қараған­дыда өткен 100 жылдық мерейтойында сөз сөйлеген мұрағаттың директоры Өмірзақ деген азамат мынадай бір жайдың бетін ашты. Жақаңның біраз қолжазбаларын Нұрекең Өмірзақтың жасырын көмектесуімен бір қапқа салып алып кетеді. Мұрағат басшысының оны беруге құқы жоқ. Сол қол­жаз­баларды сұрыптап отырып Нұрмахан Оразбек «Енеден ерте айырылған төл секілді...» де­ген атпен кітап шығарды. Жинақ­қа Жақаңның әр жылдары жа­зылған публицистикасы енді. ста­линдік зұлматтың қанды шең­гелі­нен көп азап шеккен қарт қа­лам­гер өзінің өткір де шыншыл шығармаларында қоғамдық құрылыстың әділетсіздігін, тота­ли­таризмнің озбырлығын, ұзақ жылдар бойы қыспақтан қазақ халқы шеккен азап сырын ашады, халық тағдырының қисынсыз идеологияға сәйкес бұрмаланып бейнелеуін әшкере­лей­ді, тәуел­сіз­дік тұсында қайта­лан­бауға тиіс өткеннің қателіктерін таңбалап көрсетеді. Замандастары Нұрекеңді епті­лігінен беттілігі басым, кімді болсын мысы басатын текті азамат еді деп бағалайды. Мәселен, ака­демик Өмірзақ Айтбайұлы былай дейді: «Қолына қалам ұстаған аза­маттар жазушы-журналист Нұр­махан Оразбеков десе сол бір 1991 жылдың тамызын­да КСРО мемлекеті басында бол­ған төңкерісті есіне алады. Сол тұс­та нағыз азаматтық бағдарын көр­сетіп, ол туралы өзі басқарып отыр­ған газетте «Бұл – мемлекеттік төңкеріс!» – деп ойын ашық айтқан да осы Нұрекем еді!». 2012 жылы Қарағанды қала­сын­­да Жайық Бектұровтың 100 жыл­­­дық мерейтойы кезінде екі кеш Нұрекеңнің жанында болдым. Жақаң туралы көп естеліктер айтып, ол кісінің басынан кешкен қиын­шылықтары туралы, Алаш арда­герлері жайында ақиқатты ал­ғашқылардың бірі болып халыққа жеткізгендігін және т.б. еңбектерін әңгімелеп еді. Еркін ДӘУЕШҰЛЫ.  Астана.