сыйлықтарының есімі белгісіз Атымтай жомарты кім?
Өнер өлкесінің өкілдері өткен жылы алқымнан алған қаржылық дағдарыс сахна саласына да салқынын тигізгендіктен, театр өнерінің кәсіби сыйлығы – «Еңлікгүл» жүлдесі ешкімге берілмей қалғанын біледі.
Биыл да осы жағдай жалғасып, «Қазмұнайгаз» компаниясы тұрақты демеушіліктен бас тартқан соң, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай әл-Тарази өзінің айтуынша, танымалдылығын алға тартып, демеуші тауып, сахна өнеріне еңбегі сіңген таланттардың мерейі тасуына септігін тигізді. Алайда, кәсіби сыйлықтың тағайындалуына қомақты қаражат бөлген меценат өз аты-жөнінің құпия болуын қалаған.
Халықаралық театр күніне орай дәстүрлі «Еңлікгүл-2016» жүлдесі алтыншы рет иелерін тапты. Еліміздің әр шалғайындағы театр өнері майталмандарының басын тоғыстырған салтанатты марапаттау рәсімі Алматыдағы М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтті.
Бірден айта кетелік, биылғы байқауға 41 театрдан 137 ұсыныс келіп түскен. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының қазылар алқасы сарапқа сала келе, алдымен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
«Жылдың ең үздік жарық берушісі» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының қызметкері Анатолий Коблов марапатталды. «Жылдың музыкалық көркемдеушісі» сыйлығына Астанадағы М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрынан Нейля Терехина лайық деп танылса, «Жылдың театр менеджері» аталымын С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының белді қызметкері Сансызбай Бекболатов иеленді. «Жылдың театртанушылық мақаласы» жүлдесі астаналық театртанушы Айзат Қадыралиеваға бұйырды. Сол сияқты, «Жыл драматургі» сыйлығы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының оқытушысы Әннәс Бағдатқа берілді. Кінәз өнердің кілтін тапқан Әннәс осымен екінші рет «Еңлікгүлдің» ең мықты драматургі атанып отыр.
«Театр оркестрінің жыл артисі» атағын Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының өнерпазы Наталья Хан алса, жылдың «Суретші-гримері» жүлдесіне Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының гримері Тәжен Балабаева лайық деп табылды.
Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың табалдырығын 15 жасында аттап, бірінші болып Еңлік рөлін ойнаған актриса Айша Абдулина да биыл 100 жасқа келді. Яғни, биыл кәсіби қазылар алқасы бірауыздан ол кісіні «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына лайық деп тапқан.
Осыдан кейін Алматы қалалық қуыршақ театрынан Айдын Жақыпбаев «Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы» жүлдесімен марапатталды. Жамбыл облыстық драма театрының қылқалам шебері Рахат Сапаралиева «Жыл театр суретшісі» атанса, Астана жастар таетрының режиссері Нұрқанат Жақыпбай биыл «Жыл режиссері» аталымын жеңіп алды.
«Жыл актрисасы» жүлдесі бойынша Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамедованың бағы жанды.
«Жыл актері» сыйлығын Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының майталманы Медғат Өмірәлиев алып кетті.
Бұл жүлдегерлердің барлығы 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығына ие болды. Бір қызығы, биыл Қазақстан Театр қайраткерлері одағы «Жылдың опералық (оперетта) балеттік партиясы» сыйлығына ұсынылған екі ұжымды жүлдеге лайық көрмегендіктен, оның қаражатын одақпен қоян-қолтық жұмыс істеген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Сайрам өзбек театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры мен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларына бөліп берді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17
Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20