07 Сәуір, 2016

Қарағандыда кейуаналарды тонаған күдіктілер қолға түсті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 baukespeҚАРАҒАНДЫ. 7 сәуір. Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан алты адамды қолға түсірді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ең алдымен 64 жастағы кейуананы тонап, 12 мың теңгесі мен ұялы телефонын алып кеткен үш күдікті ұсталды. Олар өздерінің кінәларын толықтай мойындады. Сол күні үш адамнан құралған топ 73 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған. Олар зардап шегушіні басынан ұрып құлатқан да жеке заттарын алып кеткен. Күдіктілердің барлығын да тәртіп сақшылары арнайы орнатылған бейне бақылау камералары арқылы ұстады. Қазіргі таңда қамауға алынып, осы екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: mega-u.ru.