07 Сәуір, 2016

Сахнада әншіні жылан шағып алды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016-kobra jylanАСТАНА. 7 сәуір. Сахнада ән салып тұрған индонезиялық Ирма Бьюл атты әншіні жылан шағып, салдарынан ол қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әнші жыландар шоуында өнер көрсетіп, танымал болған. Ол кезекті қойылым кезінде сахнада жатқан кобраны байқаусызда аяғымен басып кеткен. Сол сәтте жылан оны шағып алған. Дегенмен, Ирма мұны елеместен, сахнада тағы 45 минут өнер көрсеткен. Тек содан кейін барып, 29 жастағы әншінің жүрегі талықсып, денесі дірілдей жөнелген. Жедел жәрдем Ирманы ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оны өлімнен арашалап алып қала алмады. Қазіргі уақытта полиция әншінің өліміне байланысты тергеу амалдарын жүргізуде. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.