07 Сәуір, 2016

АҚШ-та орман өрті еселеп көбейіп барады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 ormanАСТАНА. 7 сәуір. АҚШ-тың Калифорния, Аризона, Оклахома және Канзаста штаттарында орман өртіне байланысты тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілуде. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған штаттарда төтенше жағдайлар жұмылдырылғанымен, қызыл жалынды сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Мәліметтерге сәйкес, желдің жылдамдығы мен құрғақ ауа райы өрттің өршуіне себеп болуда. Осыған байланысты Оклахома штатының жүздеген тұрғыны баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, орман маңайындағы демалыс орындары жабылып, қыдырып келгендер қауіпсіз аймаққа көшірілді. Айта кетейік, АҚШ-та өткен жылы тілсіз жаудың салдарынан 4 миллион гектар жер отқа оранған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.