07 Сәуір, 2016

Оңтүстікте егіс көлемі 4 700 гектарға көбейді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2016 OQO-2 ШЫМКЕНТ. 7 сәуір. Биыл Оңтүстікте ауылшаруашылық дақылдарының көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 4 мың 700 гектарға артты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мақта алқабын көбейтуге деп қойып отыр. Былтыр 99,3 мың гектарға мақта егілсе, биыл оның көлемі 110,6 мың гектарға көбейеді. Сондай-ақ, алтын дән көлемі де ұлғаяды. Мәселен, биыл 41,2 мың гектарға жаздық астық егу межеленсе, бүгінге дейін жоспар 108 пайызға артығымен орындалып, 44,3 мың гектарға (7,2 мың га бидай, 33,9 мың га арпа) дән себілген. Сондай-ақ, өңір диқандары 33 мың гектарға (меже – 46 мың га) жоңышқа, 45,6 мың гектарға (меже – 72,4 мың га) мақсары, 6,5 мың гектарға (меже – 13,8 мың га) картоп, 16 мың гектарға (меже – 35,7 мың га) көкөніс егіп үлгерді. Егу жұмыстары бұдан әрі жалғасады. Айта кеткен жөн, биылғы жер айдау жұмыстары 460,6 мың гектарға межеленіп, 5 сәуірдегі мәлімет бойынша нақты 450,2 мың гектар жер жыртылып, жұмыстар 98 пайызға орындалды. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz 07.04.2016 OQO-3