07 Сәуір, 2016

Оңтүстік Қазақстан облысында 13 адам суға кетті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2016 OQO-5 ШЫМКЕНТ. 7 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 13 адам суға кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биыл Оңтүстікте қыс болмады десе де болады. Күн күрт жылынғандықтан ойын балалары ауыл іргесінен ағып жатқан суға шомылуды бастап кеткен. Суға кеткен 13 адамның 9-ы жас балалар. Бұл өткен жылдың осы мерзімінен салыстырғанда екі есе көп. Қайғылы жағдайға ең алдымен балаларын қараусыз қалдырған ата-аналардың өздері кінәлі дейді құтқарушылар. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz