Саясат • 07 Наурыз, 2026
Экспортты шектеуге зәрулік жоқ
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
«Amanat» бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобалары – бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертіп жатқан ең ауқымды әрі нәтижелі бағдарламалардың бірі. Бұл жобалар – жай ғана қаржылай қолдау емес, халықтың ойлау жүйесін өзгертуге, масылдықтан арылтуға, кәсіпкерлік рухты оятуға бағытталған платформалар. Бұл туралы Президент те оң пікір білдіріп келеді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ұлттық өрлеудің құқықтық негізі
Жалпыұлттық референдум ел жылнамасындағы қатардағы оқиға емес, бұл Ұлы дала елін жаңа сапалық биікке көтеріп, Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалыптастыратын тағдыршешті тарихи таңдау күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – жаһандық өзгерістер мен заман талабына сай жасалған парасатты қадам әрі ұлттық жасампаздықтың жаңа құқықтық тұғыры.
Руханият • 06 Наурыз, 2026
Шарханды баяғыдан білемін дей алмаймын. Бірақ оны баяғыдан жақсы көремін дей аламын. Солай бола ма өзі? Олай болуы қиын. Қиын, бірақ мүмкін.
Тәрбие • 06 Наурыз, 2026
Баланы кітап оқуға қалай баулу керек?
Өркениетті елдер кітап оқуға өнер ретінде қарайды. Кітапты оқу үшін де үлкен талғам керек. Баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды неден бастаған дұрыс? Қандай кітаптарды таңдаған жөн? Қалай, қай кезде оқыту керек? Дамыған елдер осындай сауалдарға жауап іздеп, барлығын да ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделейді. Арнайы бағдарламалар мен жобалар жасайды.
Зерде • 06 Наурыз, 2026
Әлихан Бөкейхан және Лев Толстой: даналық үйлесімі
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көшбасшысы, энциклопедиялық деңгейдегі оқымысты, біртуар қаламгер, ғалым Әлихан Бөкейхан 1900 жылы «Дала уалаятының газеті» басылымының 10-нөміріне әлемдік классик Л.Н. Толстойдан аударған «Сурат кофейнесі» атты тәлімді еңбегін жариялады. Арада 13 жыл өткен соң 1913 жылы «Қазақ» газетінің 1, 3, 4 сандарында «Оқшау сөз» айдармен бұл әңгіме «Дін таласы (Сурат кафеханасы)» деген атаумен толығып жарық көрді. Мұны қайта жаңғырған тәржіме деген дұрыс. Аударма соңына Ә.Бөкейхан: «Бұл сөз адам баласының бәріне ағайыншылық көзбен қараған орыстың ұлы философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернарден Десан Пиер дегеннің сөзінен алған екен», деп көрсетеді. «Le café de Surate» авторы француз жазушысы Бернарден де Сен-Пьер (1737–1814) бұл әңгімесін 1791 жылы жазыпты. Лев Толстой оны 1893 жылы аударып, «Северный вестник» журналына бастырады. Ә.Бөкейхан осы орысша нұсқадан тәржімелеген.
Ұстаз • 05 Наурыз, 2026
«Білім – бақыттың кілті, мұғалім білім дариясының мұрабы» деген нақылдың мәні ешқашан маңызын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де ел ертеңі білімді ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелейтін тұлға – ұстаз. Мұғалім еңбегі қашанда құрметке лайық. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылындағы Амангелді орта мектебінің ардагер ұстазы, математика пәнінің мұғалімі София Ағзамқызы мерейлі жасқа толып отыр. Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтің өмір жолы тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті.
Экономика • 05 Наурыз, 2026
Жерді дұрыс игеру – стратегиялық ұстаным
Кейде ақпарат құралдарынан малдың жайын білмейтін, егістікте еңбек етпеген адамдар мал шаруашылығына қатысты ақыл-кеңес айтып, түрлі нұсқау беріп жататынын байқаймыз. Меніңше, ұсыныс-пікірлерді осы саланы бүге-шігесіне дейін білетін тәжірибелі мамандар айтуға тиіс.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Су тасқыны қаупі – басты назарда
Абай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік барысы назарға алынды. Өзен арналары, бөгеттер мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тексеріліп, өңір билігіне нақты тапсырма жүктелді.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес, мұнда бұдан да терең міндет тұр. Ол – қазіргі қоғамда мемлекет қалай жұмыс істеуі керек және бұл жүйеде адам мен азаматтың орны қандай болуға тиіс деген мәселені айқындау. Негізгі идея қарапайым – мемлекет азамат, адам үшін қызмет етеді.