Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3266 материал табылды

Тағзым • 18 Қаңтар, 2025

Мұхтар шыңы

Бірінші сыныпта мені оқытқан апай орын ауыстырып, енді басқа ауылдан ақшыл сары өңді, жұқа сары шашты, бетінің аздап секпілі бар, жұмсақ мінезді Мұқан аға Мағауин мұғалім болып келген. Бір айдай бізді қырман басына қатынап жүріп оқытқан. Жаймашуақ бір ашық күні сынып бөлмесіне келсем, менің партамның екінші бөлігінде кең маңдайлы, үлкен көзді, ақсары бала отыр екен. Мұғаліміміз: «Блөкжан, сенің қасыңа Мұхтарды отырғыздым, енді қатар оқисыңдар» деді. Әлі есімде, бұл 1948 жылдың қазан айының 8-күні болатын. Осы күн өмірімде шешуші бұрылыс жасады, біз бірге оқыдық, жарыса өмір шыңдарына өрледік.

Руханият • 18 Қаңтар, 2025

Биіктік

Қазақ университетінің журналистика факультетіне 1969 жылы оқуға түскен біздің курс студенттері өте талантты болды. Оны осы университетте өткен бес жыл ішінде олардың бойынан байқалған екі ерекшелік анық айғақтайды деп ойлаймын. Мұның біріншісі, курстастарымыздың қай-қайсысының да аудиторияда лекция тыңдап, кітапханада семинарға дайындаудан басқа бір ізгі істері бар-тын. Ол Алматыдағы газет-журнал редакциялары мен телерадио студияларына жиі барып, сондағы шығармашылық ортамен байланыс орнатуға деген құштарлығы еді. Осының нәтижесінде алғашқы оқу жылдарының өзінде-ақ көбіміздің әңгіме, өлең, очерктеріміз «Жалын» альманағы мен «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Білім және еңбек» беттерінде басылып, Қазақ радиосының «Шалқар», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы эфирге таралып жатты. Ал үшінші-төртінші курстарда... Жоғарыдағыдай творчестволық белсенділіктің нәтижесі шығар, сірә, студент біздердің әдеби-публицистикалық шығармаларымыз түрлі ұжымдық жинақтарға еніп, тіпті жеке кітап та болып шыға бастады.

Пікір • 18 Қаңтар, 2025

Қоғамды ойландыратын ашық-жарқын әңгіме

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатының көлемі де, мазмұны да ауқымды. Әдетте, айқара бет көлеміндегі әңгімеге көзіміз үйренген. Әрине, мәселе – көлемде емес, сұхбаттың ой-өзегінің салмағында. Ең алдымен, бұл – қоғамға арналып айтылған сөз.

Басылым • 18 Қаңтар, 2025

«Казахстанская правда»: үлкен жолдың бел-белестері

«Казахстанская правда» газетінің жарыққа шыққанына – 105 жыл. Осы мерейлі датаға орай елордадағы Достық үйінде «Үлкен жолдың кезеңдері» атты ғылыми-практикалық конферен­ция өтті. Оған ел қайраткерлерінен бастап жалпы зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер, барша сала мамандары қатысып, басылым туралы ойларын ортаға салды.

Пікір • 17 Қаңтар, 2025

Ел тағдырына бәріміз жауаптымыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдың қорытындысын саралап, талдап, алдағы міндеттерді айқындайтын жақсы үрдісті қалыптастырғаны халық көңілінен шығып отыр. Бүгінгі толассыз ақпараттар ағынында Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіндегі сұхбаты елді де, әлемді де елең еткізді.

Руханият • 17 Қаңтар, 2025

Тойымыз мазаққа айналмауы керек

Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.

Білім • 17 Қаңтар, 2025

Тілді оқыту: деңгей мен әдіс

Рухани құндылықтың ең асылы – тіл. Тілі бар жұрт – тірі ұлт, тіршілігі бар ұлт. Келешегін ойлаған жұрт ең алдымен тілін ойлайды. Тілді сақтап қалу­дың, оны дамытып, байытудың жолы – тілді оқыту. Тілді оқытудың әлем­де қалыптасқан бірегей әдістемелік жүйесі жоқ. Болуы да мүмкін емес. Өйт­кені әр тілдің өзіне ғана тән ерекшелігі, өзгеде болмайтын өзіндік қасиеті бар. Сон­дық­тан оқыту үдерісі де сол өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып қалып­тасуы керек.

Әскер • 17 Қаңтар, 2025

Орталық Азияда тағы да көш бастадық

Еліміз жаһандық әскери күштер рейтингінде 145 елдің арасынан 57-орынға жайғасты.

Digital • 16 Қаңтар, 2025

Керек дерек

Енді фармацевтикалық қызметке лицензияны «e-License» порталы арқылы алуға болады. Өтінішті кез келген уақытта тапсыруға мүмкіндік бар, ал лицензияны рәсімдеу үдерісі 15 жұмыс күнінен аспайды.

Digital • 16 Қаңтар, 2025

Роботтар фестивалі

Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «құлтемірсіз» елестету мүмкін емес. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника мамандарының жарыстары да жиі ұйымдастырылады. Соның бірі Қаскелеңде өткен – «Daryn FIRST Championship» роботтар фестивалі.