
Пікір • 07 Қазан, 2024
Елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдумның өтуі демократия дамуының жаңа белеске көтерілгенін көрсетеді. Сол арқылы халқымыз мемлекеттің ісіне, шешімдеріне тікелей араласа алады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асып жатыр.
Білім • 07 Қазан, 2024
Еңбек адамының мәртебесін көтеру – өзекті мәселе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еңбек адамының мәртебесін көтеруге назар аударып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған қоса Президент: «Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деді.
Білім • 05 Қазан, 2024
Ұлт келбеті – ұстаз. Бес жылдың берекелі белестері
Арғы-бергі тарихқа ой жіберсек, халқымыздың өмірі мен өркендеуі жолында шешуші кезең, бағамды бетбұрыс болған үлкенді-кішілі оқиғалар аз емес. Еңсемізді тіктеген тұстағы елдік шежіреміздің жөні бөлек. Әсіресе 2019 жылдан бергі бес жыл бедеріндегі түбегейлі жаңарудың басты бағыты – елдік іске ұлт пен жұртты жұдырықтай жұмылдыру, әділетті қоғам жолындағы мұрат-мақсатты баянды ету.
Мирас • 04 Қазан, 2024
Қазақтың бүркітші қыздары: Шетелдіктер үшеуін киноға түсірген
Құсбегілік қазақтың қанына сіңген ерекше қасиет екенін әлем 13 жастағы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып арқылы таныды. Көшпелілер өмірі режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» атты фильмі негізінде өркениет сахнасында қайта бір жаңғырды. Фильм 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылса, ал 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталатын «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Осылайша, көшпелілер өмірінің құндылығын Моңғолияда тұратын қазақтар қайта жандандырып, «бүркітші қыз» деген тіркесті жиі қолданатын күнге жеттік. Айшолпанға деген құрмет те артты.
Білім • 04 Қазан, 2024
Мен Атырауда тусам да, Алматыда анам – ақын Фариза Оңғарсынованың қолында өстім. Ең алғаш анам мені сол кездегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі – №12 қазақ орта мектебіне ертіп барғаны әлі күнге дейін көз алдымда. Мектеп табалдырығын аттаған сәтте ойын баласы ретінде ненің не екенін түсінбесем де, кейін ер жете осынау өзімнің тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебімнің қандай болғанын, ұрпақ үшін ғана емес, қазіргі тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты орны биік, тарихы терең екенін ұғынған сайын, өзімді басқалардан бақыттырақ сезінемін... Оның өзіндік себебі де жоқ емес.
Пікір • 04 Қазан, 2024
Қай дәуірде болсын ұстаздың қоғамдағы рөлі, мәртебесі жоғары. Адам жанының нәзік иірімдерін түсініп, шәкірт болмысын дөп басып танып, болашақтың бақшасына жеміс егетін де, мәуелі бақтың бағбаны да – осы ұстаздың ұлағаты, шыдамдылығы мен шеберлігі, парасаты мен даналығы. Жас буынның болмысына, жүрегіне тәрбие, білім, жалпыадамзаттық аксиологиялық ізгілік игіліктерін дарыту барысында ұстаздың ішкі жан дүниесіне тән және сыртқы келбетінен көрінетін асыл қасиеттері тоғысқанда ғана жеке тұлғаға ықпал ететіні туралы пайымды тұжырымдар әрбір заманда өзектілігін, құндылығын жоғалтпайтынын білеміз.
Тұлға • 04 Қазан, 2024
Биыл отандық тарих ғылымына сүбелі үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі марқұм Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбектің туғанына – 95 жыл. Р.Сүлейменов, М.Қозыбаев, Х.Арғынбаев, К.Нүрпейіс, З.Қинаятұлы, Б.Төлепбаев, сондай-ақ У.Шәлекенов, А.Оразбаев, Ә.Тәкенов, М.Ақынжанов, С.Жақыпбеков, Д.Дулатова, М.Даришев сынды өнегелі тұлғалар қатарында тарихшы-ғалымдардың тұтас буынының қамқоры болған, шәкірттерінің құрметіне, халықтың ілтипатына бөленген ұстазымыздың мұрасы ұлтпен бірге жасай береді.
Білім • 03 Қазан, 2024
Мектепке дейінгі білімнің маңызы зор
Биылғы Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің даму барысындағы өте өзекті мәселелерді мейлінше толығымен қамтыды. Әсіресе Мемлекет басшысының орта білім беру саласына да айрықша тоқталып өткені педагог ретінде менің көңіліме қонды.
Қоғам • 03 Қазан, 2024
«Самұрық-Қазына» бизнес өкілдерін серіктестікке шақырады
Ірі бизнес қайырымдылықты дамытуға, қоғамда көтерілген бастамаларға белсенді атсалысуы қажет. Бұл туралы елордадағы 2 қазанда өткен Ұлттық қайырымдылық конференциясында айтылды.
Энергетика • 03 Қазан, 2024
АЭС салу ұсынысы 90-жылдардың аяғынан бері талқыланып келеді. Мен экономика министрі болған кезде де осы мәселе көтерілді. Үкіметте қызу талқылауға түсті. Бірақ жоба қолдау таппады. Себебі ол уақытта электр қуатын өндіретін әлеует жоғары, экономика әлі дағдарыстан шықпаған, электр қуатына сұраныс төмен, қаражат тапшы еді.