Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24102 материал табылды

Тарих • 19 Ақпан, 2025

Аттиланы әлемдік деңгейде зерттеуші

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде белгілі қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы және қоғамтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы, тарих ғылымының кандидаты, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самат Өтениязовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила тұлғасы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2025

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам

Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын  әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 

Қоғам • 19 Ақпан, 2025

Жан-жақты көмек көрсетіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» МК кенішіндегі ТЖ салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Тарих • 19 Ақпан, 2025

Атты Еділ ақиқатын ашқан

Самат Өтениязов 1978 жылы Украинаның И.И. Мечников атын­дағы Одесса мемлекеттік университетінде роман-герман филологияcы факуль­­тетінің испан тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1981–1999 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атын­дағы Тарих, археология және этнография ­институтында ғылыми жұмыс­пен шұғылданды. Ертедегі түркілер мәдениетін, қазақ мем­ле­кеті тари­хын зерттеумен айналысты. Тарих ғылым­дарының кандидаты.

Қоғам • 19 Ақпан, 2025

Идеология құндылықтармен қуатты

Тарих тұрғысынан Тәуелсіздіктің отыз жылдан астам уақыты қас-қағым сәт болса, халық үшін бұл – дағдарыс пен өзгерістің тұтастай бір дәуірі, ұлттық құн­дылық­тарымыз – тіліміз бен діліміз, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту жо­л­ын­дағы тар жол, тай­ғақ кешулер. Мұны бүгінгі ұрпақ білуге тиіс, санасына сіңіріп, зерделеуі қажет. Бұл үшін не істемек керек? Болашаққа бағыт берер темір­қа­зығымыз қайсы?

Ғылым • 19 Ақпан, 2025

Ғылым – тәуекелі жоғары инвестиция

Қазір әлемде қалыптасқан жағдай технологиялардың тиімді трансфертін өз жағдайымызға бейімдеуді қажет етіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды, білімді жастарды қолдау мемлекеттік стратегияның басым бағыттарының біріне айналып отырғанын үнемі назарда ұстап келеді.

Университет • 19 Ақпан, 2025

70 пайызға дейін жеңілдік береді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі саласындағы оператор – «Қаржы орта­лығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім шеңберінде университет «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қатысушыларына оқуға 70 пайызға дейін жеңілдік береді.

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Өзекті пікір, пайдалы ұсыныс

Салықтық-бюджеттік реформаларға дайындық тақырыбы өңір-өңірде қызу талқыланып жатыр. Үкімет өкілдері жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс, пікірін тыңдап, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап беріп келеді.

Пікір • 18 Ақпан, 2025

Сарапшы: Күтіп отырғанымыз – толыққанды үшжақты келіссөз

– Кейбір сарапшылар 1932 жылғы Мюнхен келісімімен салыстырмалы түрде ұқсастық іздеп жатыр. Егер Украина қатыспай­тын болса, келіссөздер аталған келісімнің мүдделеріне қайшы келуі мүмкін дейді. Біз білетіндей Мюнхен келісімінде Еуропа, оның ішінде Франция мен Ұлыбритания Германияға Чехословакияны «құрбан» еткен еді. Чехословакияның 38 пайызы Германияның құрамына өтіп кетті. Сондықтан мұндай келіссөздер Киевтің қатысуынсыз екіжақты форматта өтетін болса, Украинаның негізгі басымдықтары мен ұстанымдарына қауіп төнеді.

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Саламаттылық шарасы

Астана қаласында «Taldau Run» спорттық жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға Сарап­шылар клубының мүше­лері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлек­тері және саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген бел­сенді азаматтар қатысты.