Әскер • Кеше

Әскери кеңес отырысы өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтың төрағалығымен әскердің басшылық құрамы мен өзара іс-қимыл жасайтын органдар өкілдерінің қатысуымен ІІМ Ұлттық ұланы Әскери кеңесінің отырысы өтті.

Әскери кеңес отырысы өтті

Күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің қорытындыларын талданды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетовтің, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықтың жай-күйі, жаңа әскери бөлімдерді жасақтау мәселелері талқыланды.

Министр құқық қорғау жүйесін реформалау жағдайында Ұлттық ұланның әлеуетін нығайту және оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша министр әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жарақаттану жағдайларын болдырмауға, қызметтік тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуға ерекше назар аударуды тапсырды.

ІІМ Әскери-тергеу департаментіне барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері арасында бақылау мен алдын алу жұмыстарын күшейту туралы міндет қойылды. Отырыс соңында үлгілі қызметімен ерекшеленген әскери қызметшілер марапатталды.

Ділдана НҰРДІЛДӘ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика факультетінің 2-курс студенті

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025