Оқиға • Бүгін, 17:40

Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жыртқыш жануардың адамдарға шабуылы тіркелді. Оқиға салдарынан бірнеше тұрғын медициналық көмекке жүгініп, бір адам ауруханада ем қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған

Фото: Depositphotos.сom

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, оқиға Ескі Шілік елді мекенінде болған. Жыртқыш жануар екі бала мен бір ересек адамға шабуыл жасаған.

Ветеринариялық қызмет өкілдері жануардан алынған патологиялық материалды құтыру ауруына күдік бойынша зертханаға жіберген. Ал зардап шеккендер аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, құтыруға қарсы профилактикалық вакцина алған.

Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында. Екі адам үйіне шығарылған, ал бір адам медициналық мекемеде ем алып жатыр.

Оқиғадан кейін шибөрі болған аумақ пен тұрғын үйлердің аулалары дезинфекцияланған. Қазіргі уақытта жағдай тиісті қызметтердің бақылауына алынған.

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті

Соңғы жаңалықтар