Түркістан облысының Сайрам ауданында ерте пісетін көкөніс дақылдарын жинау науқаны басталды. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері пияз өнімін жинауға кірісіп, сонымен қатар қырыққабатты жаппай жинауға дайындық жұмыстарын аяқтауға жақын. Көкөніс шаруашылығы ауданның аграрлық секторын көркейтудегі басым бағыттардың бірі болып қала береді.
Биыл пияз егілген алқап көлемі 900 гектарды құрады. Әр гектардан орта есеппен 28 тонна өнім алынатын болса, жалпы 25,2 мың тоннаға жуық өнім жинау жоспарланып отыр.
Қырыққабат 616 гектар жерге егілген. Алдын ала болжам бойынша, орташа өнімділік гектарына 237 центнерді құрап, шамамен 14,6 мың тонна өнім алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Ресейге алғашқы қарбыз бен қауын өнімін экспорттай бастады
Қазіргі уақытта шаруашылықтар жинау техникасын, логистиканы дайындау жұмыстарын аяқтап, жұмысшылар тобвн жасақтауда.
Фермерлердің айтуынша, қолайлы ауа райы жағдайлары мен агротехникалық шаралардың дер кезінде жүргізілуі көкөніс дақылдарының өнімділігіне ықпал етуде.
Өңірде көкөніс шаруашылығын дамыту, заманауи өсіру технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.