Әлем • Бүгін, 14:51

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи апелляциялық сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны акция бағасын қолдан көтеру және пара алу ісі бойынша кінәлі деп таныды, деп жазады Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды

Фото: JUNG YEON-JE/Pool via REUTERS

Сеулде өткен сот отырысында апелляциялық алқа Кимнің аз саудаланатын акциялардың бағасын бірнеше трейдермен бірге жасанды түрде өсіруге қатысқанын анықтады. Осылайша, төменгі соттың оны бұл айып бойынша ақтаған шешімі күшін жойды.

Сондай-ақ сот Кимнің діни ұйымнан жалпы құны шамамен 80 млн вон (54 257 доллар) болатын екі Chanel сөмкесі мен Graff алқасын қабылдағанын дәлелдеді. Тергеу дерегінше, шіркеу бұл сыйлықтарды шетелдегі бизнесіне саяси қолдау алу мақсатында ұсынған.

Сот төрағасы үкімді жариялай отырып: «Ким бірінші ханым ретіндегі ықпалын пайдаланып, пара алды. Ол мемлекеттік басқарудың ашықтығына деген сенімді әлсіретіп, қоғамда жік тудырды», деді.

Сонымен қатар сот 70 млн вон айыппұл салып, алқаны тәркілеу туралы шешім шығарды.

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды

Айта кетейік, Ким бұған дейін қаңтар айында пара алу бойынша 20 айға сотталған, алайда өзге айыптардан ақталған еді. Апелляциялық сот оның сайлау заңын бұзбағаны туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Ким 2024 жылғы тамыздан бері қамауда отыр. Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, адвокаттары бұл үкімге Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұл іс бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің 2024 жылы қысқа мерзімге әскери жағдай енгізуінен кейін туындаған жанжалдармен байланысты. Биліктен шеттетілген Юн биыл ақпанда бүлік ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Оның бірнеше серігі де сот алдында жауап беріп жатыр. Ал бұрынғы премьер-министр Хан Док Су Юнның жоспарына көз жұма қарады деп танылып, 23 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар