Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24157 материал табылды

Тұлға • 27 Қараша, 2024

От қалам

1975 жылдың жазында аяулы Алматыда сол кезде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің қазақ бөлімін 44 түлек бітірдік. Студенттік жылдарда тосырқамай танысып, ұғынысып кеткен аяулы достарым, олардың қилы тағдырлары туралы бұрын да жазғанмын. Бүгінгі әңгіме студент жылдардан азаматтық болмысы бөлек, жаны жайсаң Заманбек Зиадабекұлы Әбдешев туралы.

Руханият • 27 Қараша, 2024

Өнер қайраткерін ардақтасақ

Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі – әлімсақтан сөз зергері Бөлтірік шешен, Сауытбек, Қуандық, қыл қобызды Бармақ, Жақсыбай, Қылышбай, Жидебай, т.б. ақындарымыздың кіндік қаны тамған отаны.

Мәселе • 27 Қараша, 2024

Шырайлы өлке апат аймағына айнала ма?

Қызылорда облысындағы ең шұрайлы да, шырайлы өлке Шиелі ауданы. Батысында – Сырдария өзені, шығысында – қарт Қаратау, темір жол мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автобаны қапталында жосылып жатыр. Осындай қолайлы географиялық жағдайымен қатар мал-жанға жайлы табиғаты мұнда халықтың жиі шоғырлануына тіптен тиімді.

Отбасы • 26 Қараша, 2024

Математиктер отбасының формуласы

Қазақта мықты математиктер қай кезде де болған. Мектепте сабақ беріп қана қоймай, математикалық ілімді дамытып, білім алушыларға үйретудің жолын қарастырған педагогтар аз емес. Солардың бірі – Сәкен Ерғалиев пен оның зайыбы Айжан Нарымбетова – математика пәнінің мұғалімдері. Қазір олар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Жылы су ауылдық округіне қарасты №25 жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінен сабақ береді.

Қоғам • 26 Қараша, 2024

Академиктер сайланды

Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытын­дысы белгілі болды. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұй­рығымен бе­кітілген Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академик­терінің жалпы жиналысының шешімі шықты.

Үкімет • 26 Қараша, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда Сенат отырысының күн тәртібін белгіленді. Сондай-ақ палатаның іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттер пысықталды.

Шаруашылық • 26 Қараша, 2024

Түлікті асылдандыру зерттеледі

Еліміздегі жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру инсти­ту­тын дамытудың міндеттері мен стратегиялық бағыттары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ­Үкі­мет­тегі кеңесте талқыланды.

Мектеп • 26 Қараша, 2024

Қайтарылған қаражатқа мектеп салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз ием­де­ніл­ген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнау­лы мемлекеттік қор қаражаты есебінен еліміздің өңірлерінде әлеу­мет­тік маңызы бар жобаларды іске асыру жал­ға­сып жатыр.

Білім • 26 Қараша, 2024

Мемлекеттік кепілдік неге орындалмай отыр?

Елімізде әлі де орта білім беретін мектептерде оқушыларға орын жетпейді, көптеген сыныпта 30-дан аса бала білім алады. Бұған ата-аналар да алаңдап, білім сапасына қатысты мәселе көтереді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында ұлт сапасын жақсартып, кадрлық әлеуетті арттыруда орта білім жүйесі өте маңызды рөл атқаратынын үнемі айтады. Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес кейінгі 5 жыл ішінде білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыру, бюджетке түсетін жүктемені төмендету және оқушы орындарының тапшылығын азайтуда жеке инвесторлардың қаржысына салынған мектептердің үлесі біршама арта түсті.

Әдебиет • 23 Қараша, 2024

Шайбайдың Сұлтанмахмұтқа арнауы

«Айқап» журналының көне парақтарын ақтарып отырып, Шайбай Аймановтың Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арна­ған өлеңін тауып алдым. Төте жазумен түсірілген өлең 1915 жылы журналдың 11-санында жарияланыпты.