Пікір • 17 Сәуір, 2025

Қытай мен ОА: ортақ құндылықтар мен сенімді әріптестік

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытай мен Орталық Азия елдерін ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи, мәдени және рухани сабақ­тас­тық байланыстырады.

Қытай мен ОА: ортақ құндылықтар мен сенімді әріптестік

Бұл тағдырластық бүгінде стра­тегиялық серіктестік пен ақпараттық ықпалдастыққа ұласып отыр. Қазіргі құбылмалы заманда халықтардың өзара түсіністігі мен сенімді әріптестігі бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

2023 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Ортақ тағдыр қауымдастығы» тұжырымдамасын ұсынды. Бұл бастама жаһандық тұрақсыздық пен ақпараттық қауіп-қатерлер кезеңінде елдеріміздің бірлесіп әрекет етуіне тың серпін берді. Ақпарат тек жаңалық емес, ол қоғамды қалыптастыратын, көзқарасты бағыттайтын күшке айналды. Сол себепті де сенімді ақпарат көздерінің маңызы артып отыр.

Осы тұрғыда Қытайдың «China Media Group» холдингі мен Орталық Азия елдерінің ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық күн санап дамып келеді. 2018 жылы негізі қаланған CGTN арнасы бүгінде 82 тілде ақпарат таратады. Нақтылық пен парасаттылық ұстанымын берік ұстанатын бұл медиа құрылым әлемдік аудиторияға уақтылы, шынайы ақпарат ұсынып отыр.

CGTN мен Орталық Азия елдерінің жетекші БАҚ өкілдері арасында өткізілген онлайн-форумдар, пікір алмасу алаңдары, бірлескен жобалар – аймақтағы медиа ықпалдастықтың нақты көрінісі. Қытай мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан арасындағы жоғары деңгейдегі ақпараттық байланыс халықтар арасындағы өзара сенімді арттырып, мәдени алмасуға жол ашып келеді.

Былтыр Астана саммиті аясында Қытай мен Орталық Азия елдері гуманитарлық бағыттағы бірқатар іс-шара өткізді. Бұл жобалар тек ақпарат алмасуды емес, сонымен қатар ортақ құндылықтарды тануға, байытуға, халықтардың бір-бірін жақынырақ тануына ықпал етті.

Қытайдың халықаралық медиа платформаларында құрылған еуразиялық жаңалықтар тарату жүйесі – аймақтық ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Бұл бастама 2 мыңға жуық жазылушыны біріктіріп, ақпарат кеңістігіне сапалы контент ұсынуды жолға қойды.

Біз «Asian-Broadcasting Union»-ға Әзербайжан мен Тәжікстан секілді мемлекеттерді де белсенді жұмыс істеуге шақырамыз. Сонымен қатар тілдік кедергілерге қарамастан, технологиялық шешімдер арқылы ақпараттық алмасудың тиімді форматын жолға қояды жүзеге асыра алдық.

Қытай мен Орталық Азияның ақпарат құралдары арасында қалыптасқан бұл ынтымақтастықты ортақ болашағымызды бірге құруға бағытталған сенімді әрі мазмұнды әріптестік дер едім.

 

Дин ЮН,

CGTN бас редакторының орынбасары