Тағайындау • 07 Қазан, 2019
Асқар Жәкенов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 07 Қазан, 2019
Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азаматтық авиацияны дамыту мәселелері және әуе билеттерінің бағасын одан әрі төмендету шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 07 Қазан, 2019
Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айқындық, әділеттілік және еңбекке ынталандыру қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»
Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышы, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жақында ғана Анапа қаласында өткен ХХVІІІ халықаралық «Киношок» кинофестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды. Қазақ киносының мэтрі бұл жүлдені режиссер Қуат Ахметовтің «Аруақ» фильміндегі Ағатай қарттың рөлі үшін иеленді.
Туризм • 07 Қазан, 2019
Отандық туризмді халықаралық аренаға көтерудің төте жолы
Жолдауды айтқанда көзден таса қалған бір маңызды тұсы бар екен. Ол – туризм туралы айтылғаны. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет», деген еді.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Білім беру сапасы – болашаққа кепіл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы халыққа Жолдауы ел дамуындағы маңызды сатыларды айқындады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы күндері қазақстандықтардың өміріне оң өзгеріс әкелетініне сенім зор. Ел Президенті өз Жолдауында Қазақстанда «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген ұғым өз мағынасына толық сай болу қажеттігін қадап айта отырып, оған бастар негізгі жолдарды нақты көрсетті.
• 07 Қазан, 2019
Бір жазушы ағамыз өзінің сұхбатында жастық шағы туралы айта келіп, «Оқудан құлап келдім. Әкемнің алдында құным түсіп кетті. Малға салды» деді. Осы сөзді естігенде әуелі аңтарылып, кейін іштей абыржытқан түсініксіз күй кештім. Ойландырды. Әке мен бала арасындағы осы бір жағдаят адам мен қоғам, адам мен мемлекет, адам мен әлем арасындағы қатынастың кіші формасы секілді көрінді маған. Тіпті, жаратушы мен адам арасындағы рухани байланыста да осы тұр.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап шеттегі қандастарымызға сауын айтып, оларды атамекенге қоныс аударуға шақырды. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға миллионнан астам қандасымыз көшіп келді.