Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24928 материал табылды

Таным • 27 Ақпан, 2026

Тұрфандағы... «Астана»: Қадымнан бүгінге жеткен атаудың мәні

2012 жылдың көктемі болатын. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хат алдық. Онда бір кездері сол мемлекетте өмірге келіп, кейін басқа елдерде тірлік етіп жатқан түрлі ұлттар өкілдерінің ішіндегі қабылет-қарымымен белгілі бір жетістікке жеткен жандарды Бейжіңге шақырып, олармен басқосу өткізілетіні айтылыпты. Ескерте кетейік, әлемдік тәжірибеде бұл бұрыннан бар үрдіс. Оған, мәселен, КСРО-ның күшіне мініп тұрған кезінің өзінде атақты биші Галина Уланованың Канадаға шақырылуы анық дәлел.

Тұлға • 27 Ақпан, 2026

Жүрегі жырдан жаралған

Биыл – Жамбыл жыраудың 180 жылдық мерейтойы ұлттық деңгейде аталып өтетін жыл. Атақ-даңқы әлдеқашан әлемді аралап кеткен, рухани мұрасы халық қазынасына айналған абыз ақынның, жырау Жамбылдың мерейтойын Алаш баласы түгел атап өтетініне күмәнім жоқ.

Үкімет • 27 Ақпан, 2026

Тасқынға қарсы қамданыс

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады.

Ата заң • 26 Ақпан, 2026

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Конституциялық реформа – тек Негізгі заңға енгізілетін өзгертулер емес, ол – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көк туымызды әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларымыз да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 26 Ақпан, 2026

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаи Құрама Штаттарына ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер, американдық корпорациялармен келіссөздер және стратегиялық бастамалар еліміздің жаһандық экономикадағы орнын күшейтуге бағытталған. Бұл сапар Қазақстанның басты мақсаты – экономиканы ресурстық тәуелділіктен арылтып, жоғары қосылған құнды өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібін кеңейту және шетелдік капиталмен ұзақмерзімді серіктестік орнату екенін айқын көрсетті.

Саясат • 26 Ақпан, 2026

Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ЕАОЭ-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады.

Қазақстан • 26 Ақпан, 2026

Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді

Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Білім • 25 Ақпан, 2026

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі

Таңертең сабаққа асыққан оқушы сөмкесіне кітаппен бірге планшетін салып шықса, ал мұғалім бірнеше минут ішінде көрнекі материал дайындап үлгерсе, бұл – қиял емес, бүгінгі білім кеңістігінің шынайы көрінісі, деп жазады Egemen.kz. 

Ата заң • 25 Ақпан, 2026

Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды

Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 25 Ақпан, 2026

Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді

Кез-келген адам әлемдегі ең мықты, әл-ауқаты жақсы мемлекетте өмір сүргісі келеді. Сондықтан әркім өз елінде әлеуметтік жағдай жоғары, экономикалық даму тұрақты, заң және саяси жүйе әділ болғанын қалайды. Бұл аталғандардың бәрі – «тұрақты даму» деп аталатын ауқымды ұғымға тоғысады. Ал дамудың негізін қалайтын басты құжат – елдің негізгі заңы, яғни Конституция.

Яндекс.Метрика