Саясат • 01 Ақпан, 2023
Әр заманның өз қаһармандары мен көшбасшылары бар. Әлемдік тарихты алсақ, әсіресе ХХ ғасырдың күрделі әрі өтпелі кезеңдерінде дағдарысқа төтеп беріп, елін түрлі қауіп-қатерден сақтап қалған тұлғалар баршылық. Үздік реформалары арқылы елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің қатарына қосқан президенттер туралы айтқанда, әдетте есімізге Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад, Мұстафа Кемал Ататүрік, Франклин Делано Рузвельт, Конрад Аденауэр түсетіні анық.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Қазақтың ежелден келе жатқан қасиетті музыкалық аспабының бірі – қобыз. Ғасырлармен үндескен қобыз аспабы халқымыздың рухани азығы болып, анадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда қобыздын екі түрі кең қолданыста. Біреуі – дәстүрлі қобыз болса, екіншісі – прима қобыз. Бұл – К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектебі оқушыларының да сүйікті аспабы.
Тарих • 01 Ақпан, 2023
Қазақ халқы өзінің еңбегі орасан ұл-қыздарын ұмытпай, олардың айтулы істерін ұрпақтары жадында мәңгі сақтап жүруі үшін, тарихқа мөр басқандай ерекше таңбалап кеткен. Аты аңызға айналған қазақ халқының нар тұлғалы батыры – Қанжығалы қарт Бөгенбай сондай сый-құрметтен көзі тірісінде де, өлісінде де кенде болмағанын көкірегі ояу жандар біледі.
Театр • 01 Ақпан, 2023
Кейбір жандар өз кәсібін шексіз сүйіп, мінсіз қызмет етумен ғана шектелмей, сол саланың қыр-сырын, теориясы мен практикасын да терең игеріп, оны өзіне, өзін оған барынша жақындата түсуге жанын салады. Тіпті ақыр соңында ол екеуі бөлінбейтін біртұтас денеге айналып та кетіп жатады. Өз басым, сондай жандардың қатарына өнертану кандидаты, театртанушы Аманкелді Оразбайұлы Мұқанды қояр едім..
Әдебиет • 01 Ақпан, 2023
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы ұлтқа қызмет етуден кеңес өкiметi енді орнаған кезеңде де бас тартпай, олармен ымыраға келiп, бірге жұмыс істеуге келiсімін берді. Екiншіден, советтерге де өз саясатын жүргiзу үшiн Ақаң сияқты халық алдында беделi зор, бiлiмдi адам керек еді. Сондықтан өлкедегi төтенше комиссар Әлiби Жангелдин Ақаңның жаңа билікке қызмет етуге келiскенiн және онымен бiрге басқа да зиялылардың кеңестер жағына шыққандығын Ленинге хабарлады. Содан кейін ұлт ұстазы Жангелдинмен бiрге пролетариат көсемінің қабылдауында болып, мандат алды.
Саясат • 01 Ақпан, 2023
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді
2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қандай жұмыс істей алады?
2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс тәжірибесін және дағдыларды талап етпейтін 1684 жұмыс орнына 354 бос лауазым жарияланған. Бұл жұмыс орындарына кәмелеттік жасқа толмаған 14-17 жастағы жасөспірімдер де орналаса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Ақпан, 2023
Биыл есімі көпшілікке танымал дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халық қаһарманы Мұхтар Әлиевтің туғанына 90 жыл толады. Ол талай ғалым-хирургке білікті ұстаз болып, елімізде хирургтер мектебінің негізін салды. Әлбетте, әркімнің пешенесіне түрлі жол жазылады... Қилы күрделі жағдайларға қарамай, академик Мұхтар Әлиевтің отандық медицинаға сіңірген еңбегі кәсіби мамандар арасында аңыз болып айтылады.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023
Жуырда Үкімет отырысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға сәйкес алдағы бес жылдың бедерінде жаңа өңірдің өзекті һәм өміршең мәселелерін шешуге, облыс тұрғындарының тұрмысын түзеуге, экономикасын жандандыруға, инфрақұрылымын жаңғыртуға жан-жақты жағдай жасау үшін шамамен 1,9 трлн теңге қаржы қарастырылған. Бұл қомақты қаражаттың басым бөлігі, әлбетте, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023
Абай облысындағы жылу желілерінің тозығы әбден жеткен. Облыс бойынша жылу желілерінің 63,8 пайызын ауыстыруды қажет етеді. Әсіресе облыс орталығы Семей қаласының желілерінің жағдайы көңіл көншітпейді, мұндағы құбырлардың 70 пайызға жуығы ескірген. Бір ғана Семейдің өзінде 322 шақырым жылу желісін жаңалау керек. Әйтпесе, Екібастұз бен Риддердегі жағдай осында биыл болмаса да, алдағы жылдары қайталанбауына ешкім кепілдік бере алмайды. Бұлай айтуға негіз де бар. Семейдегі жылу жүйесіндегі жырдың айтылып келе жатқанына да бірнеше жылдың жүзі болды.