Аймақтар • 13 Ақпан, 2023

Саятшылар сайысы

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының ең көрікті мекендерінің бірі – Ескелді ауданы. Бұл өңір әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Сондықтан болар, Қазақстан құсбегілер федерациясы республикалық саясатшылар сайысын өткізуге осы жерді таңдапты.

Саятшылар сайысы

Бұған дейін бұл сайыс Алматы облы­сының Нарынқол өңірінде өтіп келсе, бұл жолы Жетісу облысының жеке ша­ңырақ көтеру құрметіне орай тұңғыш рет ұйым­дастырылып отыр. Бұл реткі құс­бегі­лер­дің ХІV чемпионатына Алматы, Түр­кіс­тан, Абай, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақ­стан об­лыстары және Астана, Алматы қалаларының спортшылары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сал­ған Жетісу облыстық дене-шы­нық­тыру жә­не спорт басқармасының басшысы Алмат Үш­кемпіров, халқы­мыздың байырғы өнері салбурын – саятты дамыту қай жағынан бол­сын қажет екеніне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәт­тілік тіледі. Осылай екі күнге созылған жа­рыс қорытындысы бо­йынша, атыраулық құсбегі Иманғали Абдыкәрімұлы чемпион атанса, қаршыға салуда Алматы облысының өкілі Сейітжан Бексұлтан үздік деп танылды. Ал ителгі баптаудан Түр­кістан облысының өкілі Мү­сәлім Сал­манға тең келер ешкім болмады. Осы­лай Түркістан облысының құсбе­гілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болса, Аты­рау және Алматы облысының өкіл­дері бір-бірден алтын медалды жеңіп алды.

 

Алуа ОСПАНЖАН,

Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55