Өнер • Бүгін, 07:50

Парижде ән әуелеткен өрендер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел ішінде домбыраны серік еткен өнерлі жандар аз емес. Соның қатарында Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында мектеп оқушыларынан құралған «Әсемай» ансамблі бар. Өнерлі өрендер ел аумағында өтетін түрлі байқаудан жүлделі оралып жүр.

Парижде ән әуелеткен өрендер

Ал жақында қазақтың қайта­ланбас дарыны Әміре Қашау­баев ән салған Париж қаласында өткен «ETOILES DE PARIS 2026» халық­аралық өнер байқауында өнер көрсетті. Жас таланттар өнер додасында дауылпаз ақын Махамбеттің «Ей, Махамбет, жолдасым!» термесін, Асылхан Бұлтановтың «Қазақ елі жасасын!» әнін орындап, бас жүлдені ие­ленді.

Ансамбль жетекшісі Әсем Бақытованың айтуынша, шетелдегі додаға 10–14 жастағы 15 оқушы алғаш рет қатысқан. Өнерлі оқушы­ларға қазақтың рухын жанитын, отаншылдық сезімін қалыптас­тыратын туындылар таңдалған.

«Оқушылар ел сахнасына үйреніп қалған ғой. Жас өнер­паздарға шетелде өнер көрсету оңай емес. Өйткені шетелдіктердің талғамы жоғары болғандықтан, домбырамен терме орындатуды ұйғардық. Дегенмен, біздің ансамбльдің бұл жетістігі кездейсоқ емес. Бұдан бұрын Ақтөбеде «ЖасStar», Түркістанда «Дарабоз», Алматыда өткен «Атадан мұра» қорының суперфиналында бас жүлдеге ие болған еді», дейді Әсем Бақытова.

Жас өнерпаздар елге оралар жолда Ыстанбұл әуежайына аял­даған екен. Сол әуежайда «Ей, Махамбет, жолдасым» тер­месін әуелетіп, ұшақ күткен жолау­шылардың ықыласына бөленді.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38