Қоғам • Бүгін, 18:56

Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды

1 мин
оқу үшін

Жол бойындағы бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдардағы апаттың саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz

Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды

Ресми дерекке бойынша жол-көлік оқиғалары 20%-ға қысқарған. Қазіргі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркейді. Олар құқық бұзушылық фактілерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Жыл соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланып отыр. Биыл елдегі 8 900 шақырым республикалық автожолдарда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 3 400 шақырымы жаңартылса, 324 шақырымы күрделі, қалған 5 200 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Жоспарланған жұмыстарды орындауға 12 мың бірлік арнайы техника, 25 мыңнан астам маман және 193 асфальтбетон зауыты жұмылдырылады.

  Биылғы жұмыстар басталды. Оның ішінде 3400 шақырым қайта жаңғырту және 5200 шақырымы орташа жөндеу жұмыстары жасалады деп отырмыз, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Соңғы жаңалықтар