Қытайдағы бәсеке Сметов үшін бабы мен бағын сынайтын нағыз бәсеке болмақ. Өйткені 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Елдос халықаралық ірі додаларға қатысқан жоқ. Аталған бәсеке соның алғашқысы болғалы тұр. Елдос Сметов алда болатын жарыстарға көптен бері дайындық жасап келеді. Қазіргі таңда спортшы Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге аттанады
Қытай жерінде болатын бәсекеде Сметов өзінің чемпиондық мәртебесін дәлелдей алатын болса, онда алдағы Азия ойындарына баратындығы жайлы болжам жасауға болады. Сондықтан, Қытайдағы бәсеке Сметов үшін үлкен сынақ болғалы тұр.