Елорда • Кеше

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен тәтті тағамдарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 4 және 5 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Келушілерге қолайлы болуы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды. 

Соңғы жаңалықтар