
Үкімет • 31 Қазан, 2024
Жоғары білім саласындағы цифрлы трансформация
Ел Үкіметі Coursera-мен серіктестікте жоғары білім беруді жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Аңдатпа • 31 Қазан, 2024
2 қараша - «Қаршақыз және жеті гном» Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы Академиялық Қазақ драма театрында Ағайынды Гримдердің «Қаршақыз және жеті гном» ертегісі қойылады. Режиссері – Г.Қамысбаева.
Үкімет • 30 Қазан, 2024
Республикалық бюджет жобасын қарады
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын қарады.
Саясат • 30 Қазан, 2024
Бауырлас халыққа бақ-береке тіледі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, бауырлас түрік халқын Анадолы елінің құрылғанына 101 жыл толуымен құттықтады.
Сайлау • 30 Қазан, 2024
Өзбекстандағы сайлауды байқауға қатысты
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Өзбекстанға сапары аясында Олий Мәжіліске парламенттік сайлауын байқауға қатысты. Бұл сапар сайлауға халықаралық мониторинг жүргізудің маңызын көрсетеді әрі өңірдегі демократиялық реформаға ашықтық пен сенімділікті арттыруды көздейді.
Аңдатпа • 30 Қазан, 2024
5 қараша - «Таптым-ау сені» Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ә.Байболдың «Таптым-ау сені» лирикалық драмасы ұсынылады. Режиссері – Р.Үсен.
Оқиға • 29 Қазан, 2024
Елордада III халықаралық «ТЕАТР АLL» фестивалі өтіп жатыр
Астанада 28 қазанда III халықаралық «ТЕАТР АLL» фестивалі шымылдығын түрді. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған фестиваль еліміздің астанасын таңғажайып өнер мерекесінің ордасына айналдырды.
Мәдениет • 29 Қазан, 2024
Республика күніне орай елордада «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы Қазақстан» атты концерті жоғары дәрежеде аншлагпен өтті. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында ұйымдастырылған кештің шымылдығы Талғат Ахметовтың «Самғау» би қойылымымен ашылып, премьерасы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2024
Қазақстан «SOCEA» қатарына қосылады
«Қазаэронавигация» өкілдері Еуропа мен Азияның аэронавигациялық қызмет көрсетушілері (АНҚК) үшін аэронавигациялық қауіпсіздікті үйлестіру бойынша өңірлік платформаға (SOCEA) мүшелікке кіру туралы келісімге қол қойды.
Аңдатпа • 29 Қазан, 2024
2 қараша - «Тойы көп үй» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Баққожа Мұқайдың «Тойы көп үй» мұңды комедиясы сахналанады. Режиссері – М.Ахманов.