Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қойшының атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды
Жетісу облысының тұрғыны күйеуінің досының атынан жасырын түрде бірнеше рет миллион теңгеден астам несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қызылорда облысында 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Жыл басынан бері өңірде 182 алаяқтық іс тіркелді. Оның 52-сі – интернет-алаяқтық фактілері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 25 Сәуір, 2024
27 сәуір - Қалеки сахнасында «Шәмші» спектаклі қойылады. Авторы – С.Тұрғынбекұлы. Режиссері – Қалеки сахнасында «Шәмші» спектаклі қойылады. Авторы – С.Тұрғынбекұлы. Режиссері – Б.Ұзақов.
Пікір • 25 Сәуір, 2024
Жастар – жаңа идеялардың жаршысы
Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жастар бойында, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына ерекше назар аударды. Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Жастарды кітапқа ынталандыру үшін Президент елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар салу, Ұлттық кітап күнін белгілеу, әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды қазақ тіліне аударуды жалғастыру сынды өзекті мәселелерді атап өтті.
Пікір • 25 Сәуір, 2024
Құрылыс жасақтарын құратын кез жетті
Құрылыс жасақтарын құру су басқан аймақтарды қалпына келтіруде маңызды қадам болмақ. Мұндай іс-шара – бір есептен еңбекқор ұрпақ тәрбиелеудің де үлгісі.
Әлем • 25 Сәуір, 2024
Қырғызстанның Ош облысында сел жүріп жатыр
Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Ош облысында төтенше жағдай жарияланып, 100-ге жуық үйді су басты.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Халық ассамблеясы: Мақсат пен меже
Әр қазақтың баласы «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мағыналы мақалды санасына құйып өсті. Сол қасиетті ұстаным тәрбиемен бойға сіңді. Сондықтан тағдырдың тәлкегімен қоныс аударған этностарды бауырына басқан бабалар жолына қиянат жасамай, ізін жалғастырып, бірлікті сақтау – аманат. Өткен мен бүгіннің арасын жалғап тұрған алтын арқау да осы.
Білім • 25 Сәуір, 2024
Білім мазмұнының жаңаруы – қалыпты үрдіс
Қазіргі оқушы – ақпараттық-коммуникативтік технологияны жетік меңгерген, ақпараттық кеңістікте еркін жүзе алатын тұлға. Сондықтан да заман талабына сай білім беру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, «Баланы ата-анасының үміті мен мемлекет көздеген мақсаттағы адам қылып шығару» – мектептің міндеті.
Жоба • 24 Сәуір, 2024
Қаржылық сауатты арттыратын жоба
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Тағзым • 24 Сәуір, 2024
Халық мұрасын ыждағатпен хаттаған
Ұлы дала жыраулары мен жыршыларының даналық, тапқырлық, шешендік өнегесін, аманатын, сыншылдық көзқарасын, рухын тірілткен, бірқатар эпостық шығармаларды хатқа түсірген, қолжазбаларды жинақтап, жүйелеп зерделеген филология ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Нұрмағамбетова (1923-2003) есімі ғылыми ортаға жақсы таныс. Оның «Казахский героический эпос «Кобланды батыр» (1988), «Ұлы жыршы» (1972), «Өмір өрнектері» (2004) атты сүбелі еңбектерінде халық ақындарының (Жамбыл, Нұрпейіс, Үмбетәлі) шығармашылығы, айтыс өнері, фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы зерттелінген. Әсіресе, қазақтың эпикалық мұрасы «Қобыланды батыр» хақындағы ой-тұжырымдары жаңаша таным, көзқарас, пайым тұрғысынан бағалы. Ғылым текстологиялық, типологиялық салыстырулар жасап, ауызша поэзия өкілдерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін, жыршылық, жыраулық, орындаушылық өнер ерекшелігін, кәнігі шебер жыршылардың әлеуетін, көңіл қалауын, түпкі сырын, қызығушылықтарын көрегендікпен байқайды. Сондықтан да жырлау үдерісінде алуан қырлы тәсілдерді, сарын-мақамдарды қолданатынын жетік түсіндіреді.