Экология • 24 Сәуір, 2024
Жезқазған қаласында 100 көшет отырғызылды
Бүгін Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Жасыл аймақ» апталығы аясында 100 көшет отырғызылды. Қала әкімдігі ұйымдастырған көшет егу науқанына «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 24 Сәуір, 2024
Республикалық волонтерлер штабының алаңында жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосты. Бүгінде мыңдаған волонтер еліміздің барлық аймағында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қол ұшын созып жүр. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жинау және үлестіру, құтқарушыларға жәрдемдесу жұмысына жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аңдатпа • 24 Сәуір, 2024
Аңдатпа: Орыс театрына барсаңыз...
26 сәуір - М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Р.Баэрдің «Смешанные чувства» мелодрамасы қойылады.
Технология • 24 Сәуір, 2024
Бүгінде адамзат жасанды интеллект атты жаңа технологияның өмірімізге еніп жатқанының куәсі болып отыр. Медицина, білім, музыка, өнер, қауіпсіздік, қорғаныс салаларынан бастап аудио, мәтін аудармасы арқылы тілдік кедергілерді жоюға дейінгі жан-жақты бағыттарды қамтыған жасанды интеллектінің мүмкіндіктері әлемде ғалымдар мен өнертапқыштардың қызу талқысына түсті. Стэнфорд университетінің Адамға бағытталған жасанды интеллект институты 2024 жылдың сәуір айында жасанды интеллект индексінің есебін (Artificial Intelligence Index Report 2024) жариялады.
Су тасқыны • 24 Сәуір, 2024
Көктемгі су тасқынының салдары ауыр. Жер-жерді су басып, үйлер мен көшелерді шайып, төрт түлік мал қырылды. Елді әбігерге салып, қаншама шығын келтірген табиғи апат халқымыздың ауызбірлігін, ынтымағын тағы бір сынады.
Тұлға • 23 Сәуір, 2024
2022 жылдың 3 желтоқсаны. Түн құшағындағы елордада қыс қаһарына мініп, аяз ақырып тұрған. Жұртты әбігерге салған осындай ызғарлы, суық ауа райымен бірге бізге бірер жылдан бері денсаулығы сыр беріп жүрген аяулы досымыз Қонысбай Әбілдің дүниеден озғаны туралы суық хабар жетті. Қайғылы қазаны сол тұстағы Жазушылар одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет Фейсбук парақшасында жеткізген еді...
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Халық даналығы осылай дейді. Биылғы тасқын елімізге оңай тиген жоқ. Жер-жерді су басып, үйлер мен көшелерді шайып, төрт түлік мал қырылды. Елді әбігерге салып, дүние-мүлікті шайып кеткен қарғын судың ауқымы туралы талай айтылды. Бұл апат халқымыздың ауызбіршілігін, ынтымағын, бауырмалдығын тағы бір сынады.
Алматы • 23 Сәуір, 2024
Алматыда төрт мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Алматыда жыл басынан бері төрт мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 23 Сәуір, 2024
Астанада жаңа тарихи кітаптардың тұсаукесері өтті
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің қырғыз тілінде жарық көрген «Мұстафа», «Абыздар Аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташка Жазылган Тарых» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс--шараға Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер анықталды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМТ) бағасын негізсіз көтерген 17 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.