Алматы • 23 Сәуір, 2024

Алматыда төрт мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жыл басынан бері төрт мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда төрт мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: Polisia.kz

Алматы қаласының көші-қон қызметі биыл қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келгенін хабарлады.

«Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын елдерден келген адамдардың қызығушылығын тез оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізсе, қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Дәлірек айтқанда, құқық бұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыстар да тіркеледі. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ұйымдастырған. Ал шетелдік студенттер көшеде жиі төбелесіп жатады», деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Оның айтуынша, Алматыда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сегіз мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның төрт мыңға жуығы - шетел азаматтары. Нәтижесінде, сот шешімімен 682 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті