Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24046 материал табылды

Ең қысқа әңгіме • 04 Шілде, 2025

Юрий Никулинмен қалай кездестік?

Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан ­аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.

Білім • 04 Шілде, 2025

Керек дерек

«eGov.kz» порталында колледждерге құжат қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылған. Өтініш беру жүйесіне жаңа функция қосылып, оқу орнын жылдам таңдап, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мирас • 04 Шілде, 2025

Түркі тұтастығын тұғырлаған

Қазақ-түрік мәдени-рухани, ғылыми-ағартушылық байла­нысының дәнекері, көрнекті фольклортанушы-профессор Фикрет Түркмен асқаралы белеске көтерілді.

Абай • 04 Шілде, 2025

Бунин уайымы мен Абай пайымы

Қолыңа қалам ұстаған балаң шағыңда бәрінен де керегі – талғамыңды тәрбиелеу. Әдебиетті биік мұрат тұтатын әрбір адам үшін жас кезден асыл мен жасықты, жақсы мен жаманды ажырата алудың өзі – үлкен қасиет. Көп нәрсе соған байланысты. Осы жағынан алғанда біз бірінші курс­та жүргенде Әбіш Кекілбаевтың «Лениншіл жасқа» (1970 жыл, 22 қазан) басылған «Бунинмен жолыққанда» деген мақаласы талайлар үшін бөлекше мәнді болды. Шынын айтқанда, бота тірсек бозбала біз тұрмақ, сөз қуып үлгерген талай адам да Бунинді дәл сол мақаладан кейін індете іздей бастаған шығар деп ойлаймыз.

Өшпес даңқ • 04 Шілде, 2025

Айыртаулық жауынгер

Жуырда «Egemen Qazaqstan» редакциясына бір кісі келді. Қолында бір парақ қағаз бар. Әңгімелесе келе Жаспан атты Астана қаласының тұрғыны атасы Бегалы Боярысұлының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігін өскелең ұрпақпен бөлісуге келгенін түсіндік.

Ауыр атлетика • 04 Шілде, 2025

Бас қалада Азия чемпионаты басталады

Бүгін Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады. Құрлықтың 25 елінен 300-ден астам атлет білек күшін сынайды.

Өшпес даңқ • 04 Шілде, 2025

Брянск майданындағы баспагер қыз

Сұрапыл соғыс жылдарында алдыңғы шепте жүріп, ерлермен бірге ерлік көрсеткен жауынгер қыздардың ержүрек батырлығы жөнінде Кеңес одағының маршалы А.И.Еременко: «Ұлы Отан соғысында қыздар араласпаған, қыздар меңгермеген әскери мамандық кем де кем», деп жазған еді. Жалпы деректерде соғыста жауынгерлерден 110 түрлі әскери мамандықтың түрін игеруді талап еткені айтылады. Майдан даласында көп ұлтты кеңестік жауынгерлер қатарында қазақ қыздары да аспаз, кір жуушы, хат тасушы, дәрігерлік көмек көрсету, сондай-ақ ұшқыш, танкіші, пулеметші, мерген, барлаушы, байланысшы, тағы басқа әскери мамандық түрлерін еркін меңгерген. Ал өмір мен өлім арасында алдыңғы шепте жүріп майдандық газет шығару, оны ұрыс даласындағы жауынгерлерге жеткізу бәрінен де қиын іс болғаны белгілі.

Өнер • 04 Шілде, 2025

Опера тарланы

Опера өнері – техника мен эмоция, академиялық шеберлік пен сахналық драма қатар үйлескен ерекше жанр. Осы күрделі өнерде қазақтың даңқын асқақтатып, ұлттық опера мектебінің беделін биіктеткен тұлғалардың бірі әрі бірегейі – Шахимардан Қайдарұлы Әбілов. Ол – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздің мәдениетін әлемдік деңгейде танытқан дара талант. Тамаша опера әншісі ғана емес, ұлттық мәдениеттің жанашыры, Абай мұрасының насихатшысы, болашақ өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұлағатты ұстаз. Оның опера өнеріндегі жетістіктері, әлемдік сахналардағы жарқын өнері және туған жеріне деген жанашырлығы шын мәнінде рухани тұлғасының тереңдігін көрсетеді.

Зерде • 04 Шілде, 2025

Тау мінезі (Эссе)

Тау алыстан қарағанда суық, сұсты көрінеді. Ал жақындап барсаң, тау мүлде жатырқамайды, сенімен сөйлеседі, бара-бара тау сенің досыңа, айнымас серігіңе айналады. Саған құшағын кең ашады.

Тағзым • 04 Шілде, 2025

Басқар Битанов ел жадында

Жұлдыздай ағып өтіп, небәрі 36 жас ғұмыр кешкен Басқар яғни Басқарбек Битанов сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген талапты жас Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Egemen Qazaqstan», «Халық кеңесі», «Ауыл» газеттерінде жемісті еңбек етті. Қаламы қарымды журналистің жазған туындылары қалың оқырманның көңілінен шығып, республика өміріндегі өзекті мәселелерді көтере білді.