
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Қарулы Күштердегі әскери бөлімдерде жас сарбаздар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде ант беру рәсімі олардың құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Әскери теңізшілердің арнайы жаттығуы өтті
Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Экономика • 22 Маусым, 2022
Алкоголь акциздерінен түсімдер екі есеге ұлғайды
2022 жылдың 5 айында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне салынатын акциздерден түсімдер 38,7 млрд теңгені құрап, 1,8 есеге өсім беріп отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 21,9 млрд теңге түскен болатын. Осындай өсімге әсер еткен факторлар туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
2022 жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды. Ол Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған депутаттар еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған VIII Республикалық әскери-патриоттық «Айбын-2022» жастар жиынына қатысты. Бұл жөнінде жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Қазақстанда жылына 80 мыңға жуық адам қан донорлығына мұқтаж. Бұл туралы елордада Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған концертте «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Сәния Әбдірахманова айтты.
Театр • 21 Маусым, 2022
Өңір театрларының өзіндік өрнектері
Әдетте, көрермен үлкен қалалардағы театр шығармашылығымен етене таныс. Ал өңірлердегі театрлардың тыныс-тіршілігі жергілікті халыққа ғана мәлім. Қара-шаңыраққа айналған театрлар ғана емес, еліміздің өнер кеңістігіндегі өңірлік театрлар да жыл сайын репертуарын толықтырып отырады. Осы орайда өңірлердегі өнер ұжымдарының биылғы шығармашылық жаңалықтарына шолу жасап көрдік.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстан – баршаға мүмкіндік
Күні кеше ғана ұлт ұясы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деп баса айтты. Расында да, еңбекқор ұлт – жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті ел. Оны жүзеге асыру үшін тек мемлекет қана емес, осы елдің әрбір азаматы ынталы болуы қажет. Масылдық пен ғапылдықтан арылсақ, еліміз өсіп-өркендейтіні хақ. Демек Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, осы бір жағымсыз әдеттен арылуға тиіспіз. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендерді барынша демеп, Абайша айтсақ, дүниеге кірпіш болып қалануына жағдай жасап, өмірде өз жолын табуға мүмкіндік беруіміз қажет. Мемлекет басшысы осыны көздесе керек. «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының мақсат-міндеті де осы. Біздің бастағалы отырған ауқымды әрі салмақты жобамыз елдегі саяси өзгеріспен үндесіп тұрғандай.
Экономика • 21 Маусым, 2022
Қазақстан мен Қатар экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін Дохада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі - жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының тең төрағасы шейх Мұхаммед бин Хамад Әл Танидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Маусым, 2022
Қарағандыда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті
Биылғы жас патриоттар форумы Балалар жылы мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында өтуде. «Айбын» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.