Оқиға • 01 Шілде, 2022

Павлодарда жұмысшы жеті метр бункерге құлап кетті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда жұмысшы тереңдігі жеті метр бункерге құлап кетті. Жарақат алған жұмысшы қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жұмысшы жеті метр бункерге құлап кетті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23.15-те жергілікті ЖШС-нің бірінің цехына 31 жастағы слесарь  жұмыс істеп жатқан кезде бункерге құлап кеткен. 

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», деп хабарлады департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін және жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын  мәлім етті. 

«Жұмысшы тереңдігі 10 метрдей шахтаға құлап кеткен. 1991 жылы туған ер адамда жабық бас сүйек-ми жарақаты, бел омыртқасының компрессиялық сынуы, екінші дәрежелі травматикалық шок тіркелді», дейді басқармада. 

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37