Бұл роботтың басты ерекшелігі – ол тек допты қайтарып қана қоймай, доптың айналуы мен ұшу траекториясын алдын ала болжап, шеберлік таныта алады.
Роботтың манипуляторы адам қолынан кем түспейтін икемділікке ие. Теннис үстелінің айналасында орналасқан камералар доптың жоғары жылдамдықтағы қозғалысын қас қағым сәтте қадағалайды. Роботтың әрбір соққысы AI арқылы нақты уақыт режимінде басқарылады.
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Сынақ Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) қатаң ережелері бойынша өткізілген. Ace 10 жылдан астам тәжірибесі бар 5 элиталық ойыншымен кездесіп, оның үшеуін жеңіп кетті.
Дегенмен, робот әлі де кәсіби кәсіби атлеттерге төтеп бере алмайды. Ол екі кәсіби ойыншыдан жеңіліс тапқанымен, жеті ойынның біреуінде басым түсіп, мамандарды таңғалдырды. Робот тіпті торға тиіп, бағыты өзгерген күрделі доптарды да қайтара білген.
Ғалымдардың айтуынша, Ace – AI жүйелерінің физикалық шеберлікке негізделген интерактивті ойындарда адамнан оза алатынын алғаш рет дәлелдеп отыр.