Білім • Бүгін, 13:23

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 мамырда Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы сынақ 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Биыл тестілеуге қатысуға 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (399 мың өтініш) сұраныстың айтарлықтай артқанын көрсетеді.

Талапкерлердің басым бөлігі мемлекеттік тілде сынақ тапсыруды жөн көрген:

  • Қазақ тілінде – 74%;
  • Орыс тілінде – 26%-ға жуығы;
  • Ағылшын тілінде – 851 адам.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Нұрсейіт Байжановтың айтуынша, ең танымал пәндер комбинациясы өзгеріссіз қалды. Түлектердің 17,9%-ы – «Математика-Физика» жұбын таңдаған. Одан кейінгі орында «Биология-Химия» (14,5%) және «Шығармашылық емтихан» (12,4%) тұр.

Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады

2026 жылы тестілеу форматында елеулі өзгерістер жоқ. Талапкерлер 5 пән бойынша 120 сұраққа жауап береді:

  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
  • Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
  • Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;
  • Екі бейіндік пән – әрқайсысынан 40 тапсырма.

Максималды балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут), ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу шекті балы – 65 балл, басқа ЖОО-на 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – 75 балл.

ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады

Биыл да қауіпсіздік шаралары қатаң. Металл іздегіштер, байланыс сигналдарын басатын құрылғылар және бейнебақылау қолданылады. Маңызды ескерту: ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбалар қайта тексеріледі. Егер тыйым салынған зат қолданылғаны анықталса, нәтиже де, грант та жойылады.

Соңғы жаңалықтар