Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20308 материал табылды

Елорда • 25 Қыркүйек, 2024

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді

Бүгін Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024

Семейде заманауи мектеп ашылды

Облыс орталығындағы халық көп қоныстанған ауданда 1200 орындық жаңа мектептің ашылуы қала күніне тұспа-тұс келді. Расында да бұл мектеп жетіспеушілігіне орай туындайтын мәселені шешуге көмектескен керемет сыйлық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 25 Қыркүйек, 2024

Әр азамат таңдау жасауға тиіс

Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова АЭС салу тақырыбына орай қалалық штаб мүшелерімен бірге Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің және Ж.Тәшенов университетінің жас ғалым­дарымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Талбесік • 25 Қыркүйек, 2024

Қырғидың балапаны

Аумақты жоспарлы аралау кезінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мирное орманшылығының орман шебері Ержан Төлегенов қырғидың балапанын тапты. Кішкентай құс – биылғы балапан, ұшуды енді ғана үйреніп жатыр.

Аңдатпа • 25 Қыркүйек, 2024

Аңдатпа

26 қыркүйек - «Қаһар» Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөспірімдер теа­трында Жан Ануйдың «Қаһар» трагедиясы ұсы­нылады. Режиссері – Д.Жұмабаева. Аударған – Ө.Ахмет.

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024

Жаңарған, жасарған Зайсан

Еліміздің шығысындағы Зайсанға сонау 60-жылдары мемлекет басшысы Д.Қонаев сапармен келгенде тау етегіндегі жасыл желекті, көшедегі арықтарда сарқырап ағып жатқан суды, қалаға ерекше көрік беріп тұрған Сауыр, Сайқан тауларын көргенде сүйсініп, «қалаларыңыз Алматының макеті сияқты» деген екен. Ол ол ма, өңірде мұнай мен газ, басқа да табиғи байлықтар жатыр. Міне, он жылдан асты, аудан елді мекендеріне газ тартылған. Ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселген, автобустар қатынайды. Қысқасы, Зайсан көркейіп, жаңарып, жасарып келеді.

Руханият • 24 Қыркүйек, 2024

Сөзі – ұрпаққа аманат

Байыбына барар болсақ, шешендік сөздер – ата-бабамыздың артына қалдырған асыл мұрасы, алтын көмбесі, сом асылдың сынығы. Сондықтан да олар жүрекке жақын, көзге ыстық. Осынау сөз маржандарының астарында пәлсапалық терең ой көмкерілген. Қилы-қилы заманды бастан өткерген халқымыз өмірдің әр тірлігіне терең бойлап, теңдесі жоқ ой орамдарын түйіп, атадан баланың құлағына құйып, зерделінің жадында сақталып, бұл күнге де жеткен.

Аңдатпа • 24 Қыркүйек, 2024

Аңдатпа

27 қыркүйек - «Shock қыздар» Музыкалық жас кө­рермен театрында Кен Людвигтің «Shock қыздар» ко­ме­­диясы ұсыны­ла­ды. Режиссері – Е.Жа­ңатілек. Ау­дар­ған – Қ.Ежем­бек. 

Үкімет • 24 Қыркүйек, 2024

Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) арнайы құқыққа жатқызылған «Қазтелерадио» АҚ қызметтеріне бағалар жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аңдатпа • 21 Қыркүйек, 2024

Аңдатпа

26 қыркүйек - Драма Музыка­лық жас кө­рермен теа­трында М.Омаро­ва­ның «Chanel №5» деректі драмасы сахналанады. Режиссері – А.Маемиров.