Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3253 материал табылды

Саясат • 04 Сәуір, 2025

Жастар саясатына ерекше мән берілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Үкімет • 04 Сәуір, 2025

Іскерлік байланыс ілгері басады

Германияның көлік және қаржы орталығы болып саналатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады.

Қоғам • 04 Сәуір, 2025

Әлеуметтік осал топтарды қолдау қажет

Ұлттық құрылтай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын ең үлкен бастамалар катализаторына айналып отыр. Президент құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әлеуметтік осал азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі – қоғамның өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіші. Қазақстанда мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойын­ша ауқымды шаралар қабылдануда, олардың нәти­желері қазірдің өзінде байқалады. Өткен жылы күрделі өмір­лік жағдайға тап болған азаматтарға шамамен 21 мың пә­тер берілді», деп атап өтті.

Таным • 04 Сәуір, 2025

Ренессанс

Ренессанс туралы сөз көп болғанымен, ғылымда, әсіресе қоғамдық ғы­лым­да жүйелі қалыптасқан ұғым жоқ. Ренессанс табиғатын қандай ғылым немесе білім саласы арнайы зерттейтінін де айыру қиын.

Тұлға • 03 Сәуір, 2025

Қайраткер мұрасын танымалдандыру міндеті

Таяуда Астанадағы Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназияда ерекше шара өтті. Бұл төртінші тоқсанның басталған кезеңі болғандықтан, мұғалімдер ұжымы кәсіби қызметіне жігермен, ыждағатпен кіріскені байқалып тұрды.

Зерде • 03 Сәуір, 2025

Қасым мен Қуандық немесе қалтарыста қалған қолтаңба сыры

Осыдан біршама уақыт бұрын, 2011 жылғы қыркүйек айының 8-10 күндері Қарағанды облысында Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен естен кетпес мерейтойлық шаралардың куәсі болдық. Облыс орталығында ақынның ескерткіші ашылды, ғылыми конференция ұйымдастырылды, әдеби журнал мен порталдың тұсауы кесілді, деректі фильм көрсетілді, спектакль қойылды, ақындар айтысы мен мүшәйра ұмыт қалмады, одан әрі алыс-жақыннан ағылған ағайынның және шетелдік меймандардың басын қосқан ұланасыр той Қарқаралы ауданында жалғасып, Кент тауының баурайында театрландырылған көрініс, бәйге, күрес, гала-концерт тамашаланды. Топырағы Алаштың небір ұлы тұлғасына ұя да, ұйтқы да болған қасиетті Қарқаралының төрінде жайғасқан Құнанбай қажы мешіті мен Абай тұрған үй жиылған қалың қауымды ерекше әсерге бөледі. Сол уақыттағы облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен оның төңірегіне топтасқан өңір азаматтары қонақтарға ерекше ілтипат көрсетіп, әр шараның ойдағыдай өтуіне мән бергені байқалып тұрды.

Құрылыс • 02 Сәуір, 2025

Полиэтилен зауытының алғашқы қазығы қағылды

Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында еліміздегі өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жобалардың бірі – полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының алғашқы қазығы қағылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, СИБУР басқарма мүшесі-атқарушы директоры Павел Ляхович, «Sinopec» компаниясының аға вице-президенті Ван Тао қатысып, алғашқы қаданы қағу рәсімін жасады.

Саясат • 02 Сәуір, 2025

Түркі ынтымақтастығының жаңа дәуірі

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) шеңберінде экономика, көлік, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастық біртіндеп кеңейіп келеді. Институционалдық қалыптасудың аяқталуы, «Түркі әлемінің көзқарасы-2040» және «ТМҰ-ның 2022–2026 жылдарға арналған даму стратегиясы» сияқты стратегиялық құжаттарды іске асыру ұйымның тұрақты дамуы үшін берік негіз құрайды.

Білім • 02 Сәуір, 2025

Оқушы неге ақылы курсқа барады?

«Ұстаз айлығы 1 мың долларға жеткенде оқушылардың ақылы орталыққа баруы әділетсіздік. Құрметті ұстаздар, жалақыны не үшін алып жүрсіздер?». Жақында әлеуметтік желіде Марғұлан Ермағанбетұлы деген азамат көптің көңілінде жүрген осындай сұрақты қойыпты. Мұғалім ретінде осыған жауап бергім келді.

Зерде • 02 Сәуір, 2025

Босағада қалған кетпен

Көкірегін жүз батпан зіл басып кеткендей болды. Ел-жұрттың көзінше, ду қол шапалақ астында аупартком хатшысы доп-домалақ темірді дәл жүрек тұсына тақты. Тағы да үсті-үстіне қол шапалақ. «Оу, менен басқалар да шауып жатыр ғой кетпенді. Орденді соларға да тақпай ма? Әсіресе анау қосақ­тарын соғысқа шығарып сап, бірінен қара қағаз келіп, бірі сарғайып хат күтіп жүрген келіншектерге тақса... солардың көкірегі сәл де болса исініп қалар еді, темір де болса көкіректеріне салмақ түсіп, көңілдеріне демеу болар еді».