Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1761 материал табылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Облыс бюджетінің 30 пайыздық шығыны білімге жұмсалуда

Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардың алдына "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қалыптастыру міндетін қойғаны белгілі. Қазір халықтың сұранымына "кері байланыс" механизмі  орнатылуда. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттардың алдында есеп берді. "Коронавирус пандемиясы бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Күнделікті өмірге үлкен өзгерістер әкелді. Барлық салалардың дамуына әсерін тигізді. Әсіресе, қызмет көрсету бизнесі зардап шекті. Мемлекет қиын-қыстау кезеңде тұрғындар мен бизнеске барынша қолдау көрсетті. Экономиканы тұрақтандыру, адамдарды еңбекпен қамту және табысын өсіруге ерекше көңіл бөлінуде", деп бастады өзінің сөзін әкім.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген 61 жастағы жүргізуші ұсталды

Петропавл қаласында жолда апаттық жағдай туғызған 61 жастағы мас жүргізуші ұсталды. Оны жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешкі рейд жүргізу кезінде Набережная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. Volkswagen Passat автокөлігімен жолда апаттық жағдай туғызған. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі аңқып тұрғаны анықталды. Дәрігердің қорытындысы бойынша оның масаң екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Жеңілдетілген талаптар да бұлжытпай сақталуы керек

Карантин режімі жұмсартылғанымен оны сақтаудың жеңілдетілген талаптары әлі де күшінде. Ол туралы халыққа кеңінен таратылғанымен сақтамайтындар көбейіп барады.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Ардагерлер жас қызметкерлермен кездесті

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының полиция ардагерлері мен тәлімгерлері жас офицерлерімен ашық әңгіме өткізді.

Экономика • 21 Тамыз, 2020

Теріскейдегі өндіріс өрісі

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жеті айда бюджет 25 пайызға ұлғайып, 324 млрд теңгені құрады. Облыс өнеркәсіптің дамуы бойынша республикада алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды.

Қазақстан • 20 Тамыз, 2020

Праймеризге 4 күнде 400-ден аса солтүстікқазақстандық қатысуға ниет білдірді

Бүгін Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге берген брифингінде осылай деп хабарлады,  деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Өзін ғана ойлаған тұрғындар өзгелерді көзге ілмеген

Петропавлдың оңтүстік қақпасының кіреберісінде тамаша "Жас өркен" шағын ауданы бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Есірткіге қарсы күресте бетперде де пайдаланылуда

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен еріктілері бүгінгі күні сұранысқа ие болып отырған бетперделерге "Есірткіге жол жоқ" логотипін жапсырып, студенттерге, көп балалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдеріне 2 мың данасын тегін таратты. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері акцияны өткізу үшін еріктілермен бірлесе отырып, осындай бетперделер дайындаған еді, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Офицерлер ұстаханасы

Офицер мамандардың ұста­ханасына айналған Ұлттық ұлан әскери институты Үкі­мет қаулысымен өз есігін 1997 жылдың 18 наурызында Петропавл қаласында ашқан болатын. Сол жылдың 20 желтоқсанында оқу орнына еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, жеке құрамға Жауынгерлік туды табыстаған еді. Сол кезде сардарлар мен кур­санттар алдында сөз сөй­леген Елбасы: «Сол­түс­тік өңірдің қатаң климатын­да білім алып, тәр­бие­ленген курсанттар әбден шыңдалып, еліміздің офицерлер корпусын лайықты толықтыратынына сенім­дімін» деген болатын. Осы уақытқа дейін әскери оқу орны 3,5 мыңнан аса офицер маманды даярлап, ел әскері қатарына қосты. Олар­дың дені бүгін Ұлттық ұлан әскери бөлімдері мен батальон звеносында қыз­мет етсе, кейбір алғашқы тү­­лектер полковник шеніне жетті.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалмайды

Биылғы оқу жылының алғашқы екі тоқсаны онлайн режімде оқылып, оқушылардың көшеде жүруі жылдағыдай көп болмайтындығына қарамай Петропавлдың полицейлері қалыптасқан дәстүрге сәйкес оқу жылының қарсаңында жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты күшейтуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.