
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Өзіне өзі қол салмақ болған адам құтқарылды
Өткен жексенбі күні «Сұңқар 351» автопатруліндегі жас офицерлер Бауыржан Жаров пен Азат Зейноловқа Есіл өзеніндегі көпірде өзін өзі өлтірмек болған адамды көлікпен өтіп бара жатқан азаматтың ұстап тұрғаны жайлы хабарлама түседі.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Отан қорғаушы күніне арналған шара шарапатты болды
«Отан қорғаушы күнінің» қарсаңындағы мерекелік шарада Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің 50-ден астам қызметкері мен облыстың 8 тұрғыны ведомстволық наградалармен марапатталды.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі ерекше конкурс жариялап, оның мәтіні 20 сәуір күнгі «Егеменде» жарияланды. Конкурстың мақсаты Қазақстанның архивтерінде жатқан барлық құжатты цифрландыру, яғни бәрін сканерден өткізіп, «Цифрлы фабрика» жасау екен. Сөйтіп 1,6 млрд бет көлеміндегі ұлттық мұрағат қорын түгел цифрландыру жоспарланған. Оны іске асыру үшін қайда барсаң қате болмайтын «мемлекет пен жекешенің әріптестігі» делінетін сөз алға тартылып, осы аттас ЖШС құрылмақшы. Ал оның шығынына 96 млрд. 120 млн теңге бөлу қарастырылған. Бұл бұрын-соңды архив саласының түсіне кірмеген қаражат екені көрініп тұр.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
«Шекарадан шегіну» мектебінен өткен
Соғыс басталғанда менің әкем Жылқайдар Омаров 19 жаста болып, Литва КСР-нің Паневежис қаласында әскери міндетін атқарып, «Максим» пулеметін игерген екен. Қанды қырғын басталардан бірнеше күн бұрын, 1941 жылдың 17 маусымында ол қызмет ететін полкті дабылмен тік көтеріп, Шығыс Пруссиядағы мемлекеттік шекараны қорғаудың бірінші сызығына апарады.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Суға түсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндет
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ қызметі жаз маусымындағы қауіпсіздік шараларына дайындалу үстінде. Әсіресе, халық жазғы демалыс уақытында суға түсетін көлдердің жағасындағы құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілуде. Сол мақсатпен облыстық ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камалов Айыртау ауданына барды.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Бүгін Солтүстік Қазақстан ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Нұрлан Атығаев журналистерге облыстағы өрттер мен су тасқыны бойынша брифинг берді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Кеше СҚО Қызылжар ауданының Прибрежное селосында үлкен өрт болып, ол 200 шаршы метр нысанның төбесін, 10 мың дана дайын өнімді жоқ қылды. Сонымен бірге 900 шаршы метр алаңды от шарпыды. Қазір өрттің шығу себептері мен кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі есептелуде.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Қырағы лейтенант ұрыны қапы қалдырды
Кеше Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті бақылауға шығатын 22 жасар қазақ қызы, жас лейтенант Зарина Елубаева бастаған шағын топ бір қылмысты ізін суытпай ашуға қол жеткізді. Әрине, ол жырынды баукеспелер жасайтын ауыр қылмыс емес – велосипед ұрлығы. Бірақ соның өзі мүліктің иесіне қаншалықты психологиялық соққы, қоғамға залал бергенін ұмытпау керек.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Этномәдени орталықтар көтеріңкі көңіл-күй туғызды
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «СҚО-ның полициясында 19 ұлттың өкілдері қызмет етеді» деген хабарды бізге қуанышпен жеткізді.
Қоғам • 02 Мамыр, 2020
Қоғам болып күрескенде ғана жеңеміз
Жемқорлық індеттің зиянкестігі мемлекет үшін аты жаман вирустың зардабынан кем емес. Оған қарсы жетілдірілген заңнамалық құжаттар қабылданып жатқанымен қоғамға ендеп кірген бұл дерт әбден жайылып барады.