
Аймақтар • 16 Тамыз, 2020
Ақтөбелік жүргізуші СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Бұл Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Исмагуловтың 20 тонна кебек тиелген жүк көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Тұрмысы төмен 259 ата-ана ювеналдық полицияда есепте тұр
СҚО-ның ювеналдық полицейлері жазғы демалыс кезеңінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындалуда.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Терезеден құлап кеткен бала қайтыс болды
Кеше кешке СҚО Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл селосындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен қараусыз қалған 2017 жылы туған сәби құлап, алған жарақаттан қайтыс болды. Ол масаға құрылған торға сүйенген екен. Алайда тор баланың салмағын көтере алмай үзіліп кеткен.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
СҚО-да аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді
Облыстық полицияның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Жолды кеспек болған елік машинаның астына түсті
Тамыздың 14-не қараған түнінде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында «Skoda Superb» автокөлігі жол үстінде кенеттен пайда болған елікті соғып кетті.
Әдебиет • 14 Тамыз, 2020
Мұқановтануға қосылған сүбелі еңбек
Бүгін Қызылжар қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында жазушы, сыншы-ғалым, публицист Құлбек Ергөбектің «Келбет» атты Сәбит Мұқановтың тағдырына арналған кітабының тұсаукесері болды.
Білім • 13 Тамыз, 2020
Оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды
Биылғы оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 75 мыңнан артық оқушы 477 мектепке барады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Пара алғаны үшін қызметінен қуылды
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті учаскелік полиция инспекторын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері 150 мың теңге пара алғалы жатқан жерінде ұстап, уақытша ұстайтын оқшаулағышқа қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 13 Тамыз, 2020
Бұрынғы сенатор қайта сайланды
Парламент Сенатына депутаттар сайлауға солтүстікқазақстандық мәслихат депутаттарының 96 пайызы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Апат екі адамның өмірін қиып кетті
Кеше "Челябі - Новосібір" тасжолының СҚО Қызылжар ауданындағы Пеньков ауылының тұсынан өтетін бөлігінде үлкен жол-көлік апаты болды. Осы жолмен Мағжан Жұмабаев ауданынан келе жатқан 62 жастағы азамат Toyota Camry көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Булаев қаласынан келе жатқан КамАЗ автокөлігіне бетпе-бет соғылған.