
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Әскерге бару да кейінге қалдырылған
Елдегі короновирусқа қарсы жарияланған Төтенше жағдай жастардың міндетті әскери қызметке шақырылуын да кейінге қалдырып отыр. Бұл уақытта басы қазандай қайнап жататын қалалық және облыстық әскери комиссариаттардың алды қазір тып-тыныш.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Петропавлда екі ұры қолға түсті
Павлодарлық 31 жастағы азамат пен алматылық 38 жастағы азамат Петропавлға келіп сегіз ұрлық жасап үлгеріпті. Соның ішінде аңдып жүріп, иелері шығып кеткенде бес пәтерді «тазалап» шыққан. Одан басқа сауда сөрелерінен 2 рет «пайда» тапқан. Онымен де қоймай бір рет қала тұрғынының қалтасына түскен.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Тілсіз жау да тірсектен алуын қоймайды
Кеше Петропавлдың Керуен көшесіндегі 139 үйден өрт шығып, үлкен апатқа айнала жаздады. Әйтеуір, өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, үйді толық жанып кетуден аман алып қалды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Барлық қызметтік және азаматтардың отты қаруын ұстауын бақылау полиция қызметінің құзыретінде. Егер қаруды ұстау, тасымалдау, сақтау және сату жұмыстарында белгіленген тәртіп бұзылатын болса иесіне ескерту жасалады, ал егер бұл жағдай қайталанатын болса қару тәркіленуі де мүмкін.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстан полицейлері жалған ақпараттың таралуын болдырмау жұмыстарын күшейте түсті. Тек өткен тәулік ішінде өңірде елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жалған ақпарат таратудың екі фактісі анықталды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
2 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Үстіміздегі жылдың қаңтар айының аяғында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бір тұрғыны үйіне ұры түсіп, шағын сейфті көтеріп кеткені туралы шағымданған болатын. Белгісіз қылмыскер үйдің есігіндегі құлыпты жұлып тастап, алып кеткен сейфте 2 миллион теңгеден астам қаражат пен алтын бұйымдар болған екен.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Аз қамтылған 3669 адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аты жаман вирусқа қарсы күрес кезіндегі облыстың жағдайы туралы айтып, жергілікті телеарнадан брифинг берді. Алдымен ол бойынан короновирус табылған әйелдің оқиғасы және оған байланысты істелген шаралар туралы айтты. Оны біз «Егеменнің» оқырмандарына бұрын жеткізгенбіз.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
18 жастағы жоғалған қыз табылды
24 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған 18 жасар қыз екі күн бойы іздестілуде еді. Полицияға арыз жазған анасының сөзіне қарағанда қыз қаланы дұрыс білмейтін көрінеді. Бұлардың отбасы Тараз қаласынан былтыр ғана көшіп келген болып шықты.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
СҚО ТЖ құтқарушылары «Наурыз 2020: «Біз сіздермен әрқашан біргеміз» ұранымен жұмыс істеуде
Оның мәнісі: қауіпті жағдайға түскендерді әрқашан құтқарамыз дегенге саяды. Үйде отырып еріккен балықшылар қазір қауіпті жағдайға, мұздың жұқаруына қарамай жападан-жалғыз отырған керек болса, ойықта отырамын деген сылтаумен жаппай балыққа шығып кетті. ТЖ департаментінің қызметкерлері осыған алаңдап, балық ауланатын су қоймаларын тексеру жұмыстарын жасауда. Ал ондайлар Солтүстік Қазақстанда өте көп, 2 мыңнан асады. Соның ішіндегі ең үлкені - Есіл өзенінің бойы.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстанның тәртіп сақшылары тағы да алғыс алды
Басқа жерде қалай екенін кім білсін, әйтеуір Солтүстік Қазақстанның қала мен ауылдан тыс тас жолдардың тәртібін бақылайтын патрульдік полициясы үнемі алғысқа бөленуде. Міне, Наурыз күні де олар тағы бір адамдарды жол азабынан құтқарып, алғыс алды.