Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1531 материал табылды

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

«Қояндар» да қоймай жатыр

Індеттің таралуын құрықтаудың бір амалы ретінде жолаушылардың тізімделуін қадағалаған жөн. Құжаттарының тіркелуі қажет болса да кейбір жолсеріктер ескі әдетімен ешқандай тіркеусіз, билетсіз «қояндарды» тасуын қоймай отыр. Алда-жалда осылардың бірі қауіпті вирусты таратушы болса, иесін табу қиын. 

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

«Әзілқой» әйелдің дегені болмады

Солтүстікқазақстандық мас әйел «103» нөміріне хабарласып, ыстығы көтеріліп, басы айналып тұрғанын, ал алдында, бірнеше күн бұрын ғана итальяндық еркекпен кездескенін басқа біреудің атынан жеткізеді.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Қарғын су әлі келген жоқ

Коронавирустың дүмпуімен көктемгі қарғын судың қаупі, өзендердің тасқыны екінші кезекке сырғығанымен, олардың да апатын ұмытуға болмайды.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Індетті індетпеудің амалдары

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов та тікелей эфир арқылы сөйлеп, коронавирусқа қарсы күрестің қалыпты жағдайда жүріп жатқанын айтып, халықты тыныштандырды. Оның айтуына қарағанда облыста азық-түлік қоры жеткілікті, маскалар мен антисептиктер шығару да қолдан келетін көрінеді.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

90 шақырым бойы полиция сүйреген

Солтүстік Қазақстанның ызғырық көктемі сақылдаған сары аяздан кем емес. Сібірдің қара желі өңменіңнен өтіп қана қоймай, қойны-қоншыңа кіріп алса қалтыратып жібереді. 

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Құрамында есірткісі бар препараттардың айналысы тексерілді

Жуырда СҚО полициясы медициналық мекемелерді тексеріп, олардың біразының басшыларын құрамында есірткісі бар препараттарды нұсқаулыққа сәйкес қолданбағандары үшін жауапкершілікке тартты.

Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Көше тәртібін сақтамайтындар көп

Петропавл – шағын қала. Шаһарда көлікті сағатына 60 шақырым жылдамдықтан асырмай-ақ баратын жеріңе тез жетесің. Бірақ соған қарамай бұзып-жарып жұрттан озатын, жан-жағындағы кісілерді сыйламайтын, орынсыз дабыл бергіш, мәдениетсіз жүргізушілер өте көп.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Петропавлда күніне 200-ден артық полицей тәртіп күзетеді

Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына байланысты Петропавл қаласының қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полицейлері күшейтілген режімге ауыстырылды. Бұл туралы СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев хабарлады.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

СҚО-да жыл басынан бері 68 интернет-алаяқтық тіркелген

Интернет – алаяқтық схемалары да қазір жетілдірілуде. Ондайды тіпті таныстар мен әріптестер де жасайтын болып барады. Жуырда банк саласында қызмет ететін 23 жасар Петропавл тұрғыны несиеге жиһаз алмақ болып барса үш ай бұрын өзінің атына 225 мың теңгенің заемы «алынғанын» біліп, шошып кетеді. Жұмыстағы әріптесі куәлік және банк карточкасының номерін біліп алып, оның атына заем рәсімдеген екен.

Аймақтар • 15 Наурыз, 2020

«Жолда қабылдау» жүріп жатыр

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беруде. Азаматтар сұрақтарын облыс орталығында және өңірдің барлық 13 аудандарындағы полиция бөлімдерінің фронт-офистерінде, Nur Otan партиясының филиалдарында, сондай-ақ, Сall-орталықтар мен WhatsApp мессенджерінде қоя алады.