
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Берген бағаға қанағаттанбайтындар тыншынан айрылуда
Петропавлдың «Жас Өркен» мөлтекауданында қаладағы ең алғашқы, биіктігі 18 қабатты 108 пәтерлік тұрғын үй салынуда. Бұл құрылысты «Основание» ЖШС жүргізіп жатыр.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында карантин бекеттері ашылды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Тайынша, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл аудандарында алты карантин бекеті ашылып, жұмысын бастады. Онда патрульдік полиция және көші-қон қызметкерлері автокөлік құралдары, жүргізушілер және жолаушылар легіне бақылау жүргізеді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Жұқа мұздың «жұтып» кету қаупі зор
Жұмыс күнінің қысқаруы, демалыстың ұзаруы балықшыларды үйге отырғызбай, сүйікті істерімен айналысуға сүйрелейді. Бірақ қазір үсті қыстыкүнгідей көрінгенімен судың толассыз еруінен мұздың асты жұқарып барады. Солтүстік Қазақстанда соңғы күндері күндіз түгілі түнгі мезгілдің өзінде плюстік температура көрсетіп тұр. Бұл мұздың толассыз еруі деген сөз. Ал жұқа мұз қай уақытта болсын қауіпті. Ол бойына «бес қаруын» асынып, артынып-тартынып келген балықшыны көтере алмауы мүмкін.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
«Жұт жеті ағайынды» дейді дана халқымыз. Сол айтқандай короновирустың дүрмегін пайдаланып, әртүрлі мақсаттағы қаныпезерлер де бас көтеруі мүмкін. Сондықтан ондайларға да дайын болу керек. Соның бірі – нысандарды террористік шабуылдардан қорғаудың амалдары.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Бір күнде іздеудегі сегіз қылмыскер ұсталды
Петропавлда Қазақстанның ТМД елдері Ішкі істер министрлерінің келісімі бойынша өткізілетін халықаралық «Іздеу» жедел-профилактитикалық шарасы наурыздың 18 мен 19 күндері жүргізілген еді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Петропавлдық азамат өрттен төрт адамды құтқарды
Оқиға таңғы сағат алты кезінде болған. Халтурин көшесіндегі жекеменшік үйінен далаға шыққан Амангелді Сұлтанов көрші әйелдің үйінен жалын лаулап жатқанын көреді. Көп ойланбаған жігіт үйіне жүгіріп кіріп, әйеліне өрт қызметін шақыруды тапсырып, өзі көршілерін құтқаруға кіріседі.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Індеттің таралуын құрықтаудың бір амалы ретінде жолаушылардың тізімделуін қадағалаған жөн. Құжаттарының тіркелуі қажет болса да кейбір жолсеріктер ескі әдетімен ешқандай тіркеусіз, билетсіз «қояндарды» тасуын қоймай отыр. Алда-жалда осылардың бірі қауіпті вирусты таратушы болса, иесін табу қиын.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
«Әзілқой» әйелдің дегені болмады
Солтүстікқазақстандық мас әйел «103» нөміріне хабарласып, ыстығы көтеріліп, басы айналып тұрғанын, ал алдында, бірнеше күн бұрын ғана итальяндық еркекпен кездескенін басқа біреудің атынан жеткізеді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Коронавирустың дүмпуімен көктемгі қарғын судың қаупі, өзендердің тасқыны екінші кезекке сырғығанымен, олардың да апатын ұмытуға болмайды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов та тікелей эфир арқылы сөйлеп, коронавирусқа қарсы күрестің қалыпты жағдайда жүріп жатқанын айтып, халықты тыныштандырды. Оның айтуына қарағанда облыста азық-түлік қоры жеткілікті, маскалар мен антисептиктер шығару да қолдан келетін көрінеді.