
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
6,5 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Осыдан жарты ай бұрын 1958 жылы туған петропавлдық кәсіпкер тауар сатып алуға дайындап қойған 6,5 млн теңгесін белгісіз біреулердің үптеп кеткенін айтып, полиция департаментіне шағынған еді. Ұрылардың алыстан келмегені үйді өз кілттерімен ашқандығынан, сейфті нақ ақша толған күні тонағандығынан және үй иелерінің пәтерлерінде болмайтынын білгендігінен сезіліп тұрған. Бірақ жырынды ұрылар ешқандай айғақ қалдырмаған.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Айыққандар барлық сырқаттың 86 пайызын құрады
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Руслан Әлішев журналистерге брифинг беріп, коронавирусқа байланысты облыстағы ахуалды баяндады.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Қауіпті түсінбейтіндер қинайды
Солтүстік Қазақстан облысында жаман індетке қарсы күрес біршама дұрыс жолға қойылған. Соның арқасында ауырғандар саны 29-ден 11-ге дейін азайды. Өткен сенбі күні ғана 10 науқас инфекциялық стационардан емделіп шықты. Бетін аулақ қылсын, шейіт болған адам жоқ.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді қорытындылаған облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов экономиканың қалыпты деңгейде дамып келе жатқандығын айтты, сонымен бірге ол алдағы уақытқа жоспарланған шараларды орындай беру керектігін атап өтті.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
Бұл оқиға жуырда Петропавл қаласындағы бір үйдің ауласында болды. Назарбаев көшесіндегі 225 үйдің тұрғындары айғай-ұйғай, шаң-шұң шығып, біреулердің төбелесіп жатқанын көріп, дереу 102 нөмірге дабыл түсірген. Оны естіген бойында сол жерге жақын маңда жүрген полиция наряды алдымен жетеді.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.
Руханият • 17 Сәуір, 2020
Үкілі Ыбырайдың жаңа қырларын ашу парыз
Қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының бірі – Үкілі Ыбырайдың туғанына биыл 160 жыл толып отыр. Халықтың еркесі, ән мен жырдың серкесі болған оның әндері қазақ даласына кеңінен тараған. «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларында оның әндері жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікпен өңделіп, классикалық шығармаларға айналды. Жібектің басты ариясы да Ыбекеңнің «Гәкку» әнімен орындалады.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тікелей эфир арқылы брифинг өткізіп, халыққа облыстағы бүгінгі ахуал туралы баяндап берді. Алдымен ол аты жаман індетке қатысты соңғы деректерді айта келіп: «Бұл біздің жіті жұмыс істеп жатқанымыздың нәтижесі. Мен індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің бәріне тағы да алғысымды білдіремін», деді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Жанашыр көршілер бір түнде төрт адамды құтқарды
Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданындағы Карловка селосында түнгі сағат бірде басталған өртті көршісі Ринат Зайнутдинов алғашқы болып көреді. Бұл үйдің тұрғындары үш қарт екенін білетін ол құтқаруға көз жұмып кірісіп кетеді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Солтүстік Қазақстанда 43 блок-бекет бар
Оларда тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік етуде. Соның ішінде облыс орталығымен батыс шекарада шектесетін Мамлют қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған.