Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1577 материал табылды

Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем 2020» арнайы техникалық жаттығу өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем-2020» операциясы аясында Қызылжар, Шал ақын, Мамлют аудандарының ағын суға қарсы дайындық шаралары басқа облыстардан келген лауазымды мамандардың қатысуымен тексерілді.

Қоғам • 25 Ақпан, 2020

Ауыл тұрғыны қар құрсауында қалған жүк көлігін шығаруға көмектесті

Ат құлағы көрінбейтін ақпанның ақ борандары өткен аптаның аяғында ғана толастады. Солтүстік Қазақстан облысының ПД патрульдік полициясы ТЖД,  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар жолдарды 12 рет жабуға мәжбүр болды. Ақпанның 17-сі мен 23 аралығында барлығы 147 автотехника қар құрсауынан  шығарылды. Оның 14-і жүк көлігі. Барлығы 300 адам эвакуацияланды, оның 4-і бала.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 17 адам жоғалғандар тізіміне енгізілді

Солтүстік Қазақстан облыстық криминалдық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда бүгінгі таңға дейін өңірде із-тұзсыз жоғалған барлығы 49 адам іздестірілуде. Олардың 38-і ер адам болса, 11-і әйелдер.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

«Бір қызық ісім екен сұм жалғанда...» деп ұлы Абай айтқан саятшылық өнердің сайысы жексенбі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл селосының «Құлагер» атты ипподромында аяқталды. Ол ресми түрде бүркіт, сұңқар, қаршыға өнерлерінің республикалық чемпионаты деп аталған.  

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Ақпанның бораны ашулы

Солтүстік Қазақстан облысында желдің қатты күшеюімен бірге жолдың көктайғаққа айналу қаупі зор болып тұр. Ақпанның бораны биыл тіптен ашулы. Ауа райы күрт өзгерген уақытта оқыс жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары және төтенше жағдай қызметкерлері жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Руханият • 23 Ақпан, 2020

Ана тілі – арың бұл...

21 ақпан – әлемде «Халықаралық ана тілі күні» болып белгіленген. Осы датаға орай Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Қызылжардағы ең зәулім мәдени орын – «Оқушылар сарайында» «Ұрпақ тілі-келешек кілті» атты үлкен мәдени шара өткізді.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Бейбіт жиындар позицияны ашық білдірудің құралы

Жұма күні Петропавл қаласына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов, министрліктің заң департаменті бастығының орынбасары Әділбек Мұхамбетқалиқұлы келіп, «Азаматтық альянс қауымдастығы»  мүшелеріне, саяси партиялар өкілдеріне және басқа да белсенді азаматтарға «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» заң жобасын түсіндіріп, әңгіме өткізді.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

«Самұрық-Қазына» Солтүстікпен тығыз ынтымақтасады

Кеше Петропавл қаласына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың алып жүруімен ол алдымен «ПЗТМ» АҚ және «Киров атындағы зауыт» АҚ жұмыстарымен танысты.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні

21 ақпан – әлемде «Халықаралық ана тілі күні» болып белгіленген. Осы датаға орай Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Қызылжардағы ең зәулім мәдени орын – «Оқушылар сарайында» «Ұрпақ тілі - келешек кілті» атты үлкен мәдени шара өткізді.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Солтүстік Қазақстанда 37 адамы бар 15 көлік құтқарылды

Ат құлағы көрінбес ақпанның ақырған бораны Солтүстіктің жолдарын жауып тастағанымен қоймай, жеңіл көліктерді қарға көміп жатыр. 20 ақпанға қараған түні қар құрсауында қалған, жоғарыда айтылған көліктер тегіс Тимирязев ауданы Дмитриевка селосының маңындағы «КТ-27» деп аталатын «Волошенка – Тимирязев» республикалық маңызы бар автожолында №18-ші өрт сөндіру бөлімінің «Нива Бронто» жол талғамайтын көлігі және 3 «ДЭУ–63» техникасының күшімен қардан қазылып алынды. 15 бірлік автокөлікте 37 адам, оның ішінде 1 бала болған.