
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2024
Астық науқанына санаулы күн қалды
Жуырда Аққайың ауданы Шағалалы ауылындағы тәжірибелік станса базасында «Дала күні» аграрлық іс-шарасы өткізілді. Оның жұмысы алдағы орақ науқанына арналды. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов, аудан және ауыл әкімдері, агроқұрылым басшылары, ауыл өнімдерін шығарушы кәсіпорын жетекшілері қатысты. Бұл үлкен орақтың алдындағы дайындықты пысықтаған үлкен жиын еді.
Есірткі • 20 Тамыз, 2024
Тәркіленген есірткі – жарты тоннаға жуық
Өңірде есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілгеніне қарамастан бұл кеселдің заңсыз айналымы әлі де өршіп тұр. Облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Игорь Мецаловтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 476 кило 446 грамм түрлi есiрткi заты тәркіленген. Оның ішінде 5 кило 611 грамы – синтетикалық есірткі.
Өндіріс • 20 Тамыз, 2024
Петропавл қаласында бір кезде КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің бес бірдей алып зауыты болғанын бұрын да жазғанбыз. Олардың бәрі Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылдары ішіндегі құрал-жабдығымен, аса қажетті мамандарымен бірге, құпия үшін түрлі нөмірмен аталып, Ресей қалаларынан біздің қалаға көшірілген. Соның бірі Калинин атындағы құпия зауыт еді. Бұл зауыттың құпиялылығы сонда, ол – электр қуатын изоляциялайтын құрал-жабдықтар шығарады.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2024
Өңір қазір көктемгі тасқында зардап шеккен нысандарды толық қалпына келтіріп жатыр. Соның ішінде қалаға су айдайтын «Қызылжар су» ЖШС-ның істен шыққан бірінші көтерілімінің сорғы стансасын толық қалпына келтіру жұмыстары қызу қолға алынды. Осы стансаны құр қалпына келтіріп, жаңалап, жаңғыртуға «Kazminerals» компаниясы қаражат құйған. Компания көтергі сорғысына осы заманғы, еуропалық құрылғы орнатуды көздейді.
Туризм • 15 Тамыз, 2024
Елімізде тарихы терең, табиғаты әсем жерлер баршылық. Соның бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының аумағы. Оның жолы қалың тоғайлардың арасынан өтеді. Бұрын бұл аудан сұлулығы жағынан Бурабайдан кем түспейтін Имантау – Шалқар демалыс аймағы, ғалым Шоқан Уәлиханов өскен Айғаным ханшаның қыстауы, Ақан сері мен Үкілі Ыбырайдың шағын отаны ретінде әйгілі болса, қазір әлемге аты жайылған Ботай қонысымен де танымал.
Байқау • 15 Тамыз, 2024
Адам жанын арашалауға асыққандар
Жуырда Петропавл қаласында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген жедел жәрдем бригадалары арасында жеделдік, шеберлік, кәсіби көмек сараланған республикалық спартакиада өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты.
Шаруашылық • 14 Тамыз, 2024
Бабы келіскен балық шаруашылығы
Балық өнімдерінің адам ағзасына пайдасы мол. Күнделікті тұтынатын тамақтар құрамында әдетте көмірсутегі көп болады. Ал балық өнімдерін жеу ағзада тепе-теңдікті қалыптастырады.
Өндіріс • 14 Тамыз, 2024
Тәуелсіздік алғалы бері елімізде ашылған ірі өндірістік компаниялардың бірі – «Масло-дел» компаниясы. Бұл Отанымыздағы тамақ өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын санатында. Компанияның мақсаты – тұтынушыға жоғары сапалы өнім ұсыну.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
Оңтүстіктен қоныс аударған кейбір ағайын солтүстіктің қытымыр қысына шыдай алмайды. Олардың кейбірі біраз тұрып, қайта көшіп кеткен соң қыстың суығын асыра сілтеп айтып, көшкісі келгендерді үркітіп, қорқыта сөйлейтіндері де бар. «Адам тұратын жер емес, боранының қаттылығы сондай, екі үйдің арасына арқан тартып қойып, содан ұстап қатынайды. Болмаса адасып кетеді», деп шектен асырып жіберетіндердің барын да естідік.
Қоғам • 09 Тамыз, 2024
Солтүстікке көшу мәселесі арбаның майланбаған доңғалағы секілді сықырлаумен жүргізіліп келеді. Толып жатқан бюрократиялық барьерлер алақанына түкіріп, көшіп келемін деуші көптеген қандасымызға да, қоныс аударушыға да кедергі келтіріп отыр.