
Аймақтар • 12 Шілде, 2023
Петропавл қаласына Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев келіп, облыс басшылығымен кездесіп, «Севказэнерго» АҚ қарайтын ЖЭО-2-ні аралап, бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысты.
Жұмыс • 03 Шілде, 2023
Жастардың жұмыспен қамтылуына назар аударылды
Солтүстік Қазақстан облысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов жұмыс сапарымен келіп, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада тұрғындармен кездесті.
Құрылыс • 26 Маусым, 2023
Құрылыс жұмысындағы салғырттық
Петропавл қаласында құрылысы басталып, уақытында аяғына дейін жеткізілмей жатқан 33 нысан бар. Бөлінетін қаражатына қызығып «көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған» мердігер компаниялар түрлі сылтаумен құрылыстарды аяқтай алмай отыр.
Аймақтар • 25 Маусым, 2023
Алты Алаштың арысы, ұлтының ұранына, түркінің тұмарына айналған әлемдік деңгейдегі ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы туған жерінде үлкен мереке ретінде кеңінен аталып өтті. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылжар өңіріне келген сапарында біртуар тұлғаның мерейтойын лайықты түрде атап өтуді тапсырған-ды.
Экономика • 22 Маусым, 2023
Петропавл қаласында екі жылдан бері немістің атақты «Сlaas Group» ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын компаниясының құрастыру зауыты жұмыс істеп келеді. Компанияның біздегі филиалы комбайн, трактор, себу кешендері, жаткаларды құрастырады. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орын тепкен бұл кәсіпорын еуропалық жоғары сапалы техникаларды Солтүстік Қазақстан облысы ғана емес, көршілес аймақтарға да шығарады. Мәселен, былтырдың өзінде «ҚазАгроФинанс» жеңілдетілген несие жүйесі арқылы 3 мыңдай техника алуға келісімшарт жасады.
Тарих • 14 Маусым, 2023
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы маусымның аяғына қарай туған жері Солтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өтеді. Жуырда облысқа келген сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын тойына мемлекет ерекше мән беретінін айтты. Алаштың ардақты тұлғасының мерейтойы аясында ғылыми-практикалық конференция, ақындар айтысы, т.б. мерекелік шаралар жоспарланған.
Қылмыс • 12 Маусым, 2023
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында өңірде соңғы 10 жылда болмаған көлемді есірткіні тауып, тәркіледі.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2023
4,5 млн гектар жерге дән себілді
Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталғандығы туралы облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бастығы Мейрам Меңдібаев журналистерге берген брифингте хабардар етті.
Ауа райы • 06 Маусым, 2023
Соңғы күндері Солтүстік Қазақстанда күн қатты ысып тұр. Синоптиктердің айтуына қарағанда, ол Иран мен Орталық Азиядан жылжыған ыстық ауа массасының әлегінен орын алды. Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін ысиды. 3 маусым күні термометр тіпті 42 градус ыстықты көрсетті. Бұл – біздің облыс үшін қауіпті құбылыс. Осындайда өрт қаупі де молаяды. Петропавл қаласының өзінде тек 1940 жылы ғана ауаның температурасы 40 градустан асқан екен. Облыстың көптеген аумағында жаңбыр да жоқ. Кейбір қазақ ауылдары Алладан жауын тілеп, тасаттық беріп жатыр.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арналған екі күндік «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы өтті. Іс-шараға еліміздің және шетелден келген білікті тарихшы ғалымдар қатысты.