
Экономика • 26 Қаңтар, 2023
Биыл 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) міндетті түрде ресімдеу туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығы шықты. Бұл құжат – Мемлекет басшысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындаудың бір шарасы.
Экономика • 25 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді», дей келіп, бұл тауар тапшылығын арттырып, елді импортқа тәуелді ететінін айтқан еді. «Сондықтан баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керек. Бәсекелік ортасы жоқ нарықтар ғана бұрынғыдай қала береді», деді. Алайда Президент тек монополистердің тарифтері қатаң бақылауда болатынын ескертті. Мемлекет басшысы айтқандай, бақылау жасау – орынсыз қысым көрсету деген сөз емес.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты кездесу «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды.
Медицина • 22 Қаңтар, 2023
Қыс маусымы эпидемиологиялық ахуалдың ұшына түсетін кезі ғой. Оған ауа райының суықтығы алдымен әсер етеді. Жылы жерден шыққан жандар бірден қымтануды ойламай, суық ызғардың бойын алып кеткенін байқамай қалады. Әсіресе тершіген бойымен далаға шыққандар арасынан суықтың кесірінен болатын сырқатқа ұшырап қалуы жиі болады. Биыл солтүстікте қыс біршама жайлы болса да, тұмау жұқтырған адамдар саны 800-ден артық болып отыр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында тұмаудың өршуі жоғары.
Білім • 17 Қаңтар, 2023
Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп 2002 жылы Жоғары колледждің жанынан ашылған еді. Бұл –кезінде ақын Мағжан Жұмабаев сабақ берген педагогикалық училище. Осы оқу орны әуелі колледж, кейіннен жоғары колледж ретінде өзгерді. 1993 жылы оқу орнына әйгілі ақынның есімі берілді.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірге синтетикалық есірткілер әкелудің ірі арнасын анықтап, жолын кесті.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023
Қазіргі эпидемиологиялық маусымда тұмауратқандар санының өсімі өткен маусыммен салыстырғанда 1,5 есе артық делінген. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65 пайыз болған. Биылғы алғашқы науқас 14 қазанда тіркелген.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында қыс әлі қытымыр мінез көрсеткен жоқ. Ең көп дегенде 22-24 градустық суық қатарынан бірнеше күн буғанымен, артынша қалыпты жағдайға түсті. Соңғы аптада ауаның температурасы тіпті 5-6 градусқа жоғарылады.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Уәлиханов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, еліміздің Павлодар, Ақмола және Ресейдің Омбы облысымен шектесетін жер көлемі ірі аудандарының бірі.
Медицина • 04 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы – Петропавлдағы байырғы емдеу мекемелерінің бірі. Жыл сайын 11 мыңға жуық балаға стационарлық көмек көрсететін аурухананың 11 бөлімшесі бар. Жылына түрлі науқасқа 2,5 мыңдай операция жасалады. Әрине, біліктілігі жоғары мамандар жетіспесе де көптеген науқас бала біршама ем алған соң Астана мен Алматының білікті дәрігерлерінің қарауына жіберіледі.